Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (6)

Толықсып аққан дария —
Мейірбанды қария.

Ілмектер: қария

Өзен суға жарасқан
Қамысы мен қоғасы.
Кәрияға жарасқан
Аузындағы тобасы.

Ілмектер: су, қария

Кәрінің бары — игі.

Ілмектер: кәрі, қария

Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: қарттық, қария

Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.

Ілмектер: қарт, қария

Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.

Ілмектер: жолдас, қария, бала

Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды кәрия
Жазып қойған хатпен тең.

Ілмектер: әдеп, бала, қария, тәрбие, өнеге

Халықтан қайырымдылықты,
Қариядан байымдылықты үйрен.

Ілмектер: халық, қария

Ел қариясы - ел қазынасы.

Ілмектер: ел, халық, қария, қазына

Ауылыңда қария болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.

Ілмектер: ауыл, қария, жар, жақсы

Ақыл деген ағып жатқан дария,.
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.

Ілмектер: ақыл, қария

Ауылыңда қарияң (қартың) болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.

Ілмектер: ауыл, қария, жар, хат

Қарияның сөзі киіз кітаптағыдай.

Ілмектер: қария, кітап, сөз