Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (10)

Оқсыз мылтық – таяқ.

Ілмектер: қару

Ер аруағы - қаруы.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, қару, қару-жарақ

Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.

Ілмектер: жау, қару, соғыс

Қаруың қалпында болса,
Қапыда қалмайсың.

Ілмектер: қару, соғыс

Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.

Ілмектер: қару, күшті

Тайсалу ердің ісі емес,
Жұмсай білгенге қару кіші емес.

Ілмектер: ер, қару

Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.

Ілмектер: бөрі, қару, арыстан, парсы мақалы

Қылыш үстінде серт жүрмейді.

Ілмектер: серт, қару, қару-жарақ

Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.

Ілмектер: батыр, мықты, қару, жігіт, сұлу