Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (6)

Қара жер қарыз арқаламайды.

Ілмектер: егіншілік, қарыз

Қарызды берген батыр емес,
Алған батыр.

Ілмектер: қарыз

Берген қарыз — бедел өсіреді
Қайтқан қарыз — мерей өсіреді.

Ілмектер: қарыз

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Ілмектер: қадір, көрші, қарыз

Қарыз қайтарумен ғанибет.

Ілмектер: қарыз

Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.

Ілмектер: дос, қарыз

Көшуден бұрын,
Керуен басыңды сайла.
Қарыз алудан бұрын,
Береріңді ойла.

Ілмектер: қарыз, тәрбие, өнеге

Жиеннің алғаны парыз,
Жезденің алғаны қарыз.

Ілмектер: туған, туыс, қарыз

Қарыз қатынас бұзады.

Ілмектер: қарыз, кедейлік, байлық

Қасқыр қарызын терісімен төлейді.

Ілмектер: қарыз

Жаңа байығаннан қарыз алма.

Ілмектер: бай, пейіл, ынсап, қарыз

Жаманнан би қойма - кесім салады,
Залымнан қарыз алма - өсім салады.

Ілмектер: жаман, би, залым, өсім, қарыз

Өсімге алған қарыздан
Қампаймайды қарының.

Ілмектер: өсім, ақша, қарыз, парсы мақалы

Қарыз беру уайым емес,
Қайтарып алу уайым.

Ілмектер: қарыз, уайым, парсы мақалы

Қарыз алдың – қайғы алдың.

Ілмектер: қарыз, қайғы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Екі аяққа қарызданып,
Тағы екі аяқ жалғады.

Ілмектер: қарыз, аяқ, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Мойнындағы қарыздан қой да өледі.

Ілмектер: қарыз, қой, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қарыз алушы – арыстан,
Қарыз беруші – тышқан.

Ілмектер: қарыз

Пікірлер