Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (26)

Қорыққанға қос көрінер.

Ілмектер: қорқу

Үргедек бұрын өледі.

Ілмектер: өлу, қорқу

Қоян көлеңкесінен қорқады.

Ілмектер: қоян, қорқу

Барымтадан қорыққан
Мал жимас.

Ілмектер: барымта, мал, қорқу

Өлген — моладан қорықпайды.

Ілмектер: өлім, қорқу, мола, денсаулық

Қорыққан мен қуанған бірдей.

Ілмектер: қорқу, қуану

Келмей жатып қорықпа,
Көрмей жатып торықпа.

Ілмектер: қорқу

Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.

Ілмектер: көңіл, соқыр, қорқу, тәлім, тағлым, тәрбие

Халықтан ұял, құдайдан қорық.

Ілмектер: халық, ұят, қорқу, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жаздыгүні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.

Ілмектер: жылан, жіп, қыс, қорқу

Өлімнен қорықсаң өлерсің.

Ілмектер: өлім, қорқу

Қорықсаң құның болмайды,
Жауды жеңбей тыным болмайды.

Ілмектер: қорқу, жау

Өзің қорықпасаң жау қорқады.

Ілмектер: жау, қорқу

Жылан шаққан алажіптен қорқады.

Ілмектер: ауған мақалы, жылан, қорқу, жіп

Қорқып өмір сүргенің құрсын,
Қатарда босқа жүргенің құрсын.

Ілмектер: қорқу, өмір, соғыс

Қорыққанға қойдың басы да қос көрінер.

Ілмектер: қорқу, қорқақтық, қой

Өлермен өгіз балтадан қорықпайды.

Ілмектер: өлім, өгіз, қорқу

Ер алар деп қорқайын ба,
Емшек шығар деп қорқайын ба?

Ілмектер: қорқу, қырғыз мақалы

Алпыс батпан көтерген кісі
Бес батпан қосқаннан қорықпайды.

Ілмектер: алпыс, бес, батпан, қорқу, кісі

Аюдан қорыққан тоғайға бармас.

Ілмектер: аю, қорқу, тоғай

Пікірлер