Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (21)

Құдай бергенге құлай береді.

Ілмектер: құдай

Құдай бір айналдырғанды,
Шыр айналдырады.

Ілмектер: құдай

Басы аман, малы түгелдің,
Құдайымен ісі жоқ.

Ілмектер: бас, амандық, құдай

Арамды құдай табады,
Момынды қайыр табады.

Ілмектер: арам, момын, құдай, қайыр

Көп қайда болса - құдай сонда.

Ілмектер: ел, халық, құдай

Құдай бергенді молда бермес.

Ілмектер: молда, құдай, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Құдайдың өзі асыраған тоқтысын қасқыр жемес.

Ілмектер: тоқты, құдай, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Құдай берейін десе құлай береді.

Ілмектер: Құдай, беру

Құдай малыңды алса да бейіліңді алмасын.

Ілмектер: құдай, мал

Күштіге - құдай жоқ.

Ілмектер: күшті, құдай

Адам айдаса бармаймын,
Құдай айдаса қалмаймын.

Ілмектер: адам, құдай

Қорықпас құдайдан да қорықпас.

Ілмектер: қорқықпас, қорықпау, құдай

Жарлы деп сөкпе,
Пайғамбарға тілің тиеді.
Жалғыз деп сөкпе,
Құдайға тілің тиеді.

Ілмектер: жарлы, пайғамбар, діни, құдай

Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.

Ілмектер: құдай, суық, киім, парсы мақалы

Адамнан сұрама,
Құдайдан сұра.

Ілмектер: адам, құдай, сұрау

Адамнан тілеген арыды,
Құдайдан тілеген жарыды.

Ілмектер: адам, құдай, тілеу

Әлі жетпеген Құдайшыл.

Ілмектер: әл, Құдай

Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.

Ілмектер: бай, пейіл, ынсап, құдай

Бастықтарға қарсылық етуші
Құдайдың бұйрығына қарсылық етеді.

Ілмектер: бастық, қарсылық, бұйрық, Құдай