Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (2)

Құмнан құдық қазсаң,
Шегенде.
Қозым жатсын десең,
Көгенде.

Ілмектер: құдық

Алыстағы апаннан
Алдыңдағы құдық қайырлы.

Ілмектер: құдық

Оттың қасынан от жақпа,
Елді бұзады.
Құдық қасынан құдық қазба,
Жерді бұзады.

Ілмектер: ел, жер, құдық

Терең құдықтың суы тәтті.

Ілмектер: су, құдық

Дария жанынан құдық қазба.

Ілмектер: дария, су, құдық

Шұқырдан шығып,
Құдыққа құлады.

Ілмектер: шұқыр, құдық, парсы мақалы

Құдықшы құдық түбінен шықпайды.

Ілмектер: құдық, парсы мақалы

Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Үстінен құм жауар.

Ілмектер: бақытсыз, құдық

Құдықтағы су да құлға жоқ.

Ілмектер: су, құдық, құл

Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Қинау үшін құйын шығарып алады.

Ілмектер: құйын, құдық

Құлан құдыққа түссе,
Құрбақа айғыр болар.

Ілмектер: құлан, құдық, құрбақа

Жаңбыр өзін селге санайды,
Құдық өзін көлге санайды.

Ілмектер: жаңбыр, құдық

Құдыққа түкірме ішерге керек болады.

Ілмектер: құдық, түкіру

Әрбіреуге құдық қазсаң,
Түсерсің өзің.

Ілмектер: құдық

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.

Ілмектер: бүркіт, қарттық, тышқан, құл, құдық, қармақ

Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.

Ілмектер: су, құдық