Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (10)

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Ілмектер: ұл, қасқыр, құн, араб мақалы

Он екі жылда ердің құны салауат.

Ілмектер: жыл, ер, құн

Тиын құрлы құны жоқ.

Ілмектер: тиын, құн, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Шуы көп те,
Құны жоқ.

Ілмектер: шу, құн, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Тірі піл жүз мың тұрады,
Өлгеннен соң – екі есе.

Ілмектер: піл, құн, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.

Ілмектер: есек, құн, теңге, ақша, қырғыз мақалы, тоқым

Алдыңа ас тартса,
Атаңның құнын көш.

Ілмектер: ас, тағам, құн, қырғыз мақалы

Ердің құны жүз жылқы, қатыны мың жылқы.

Ілмектер: ер, құн, жылқы, қатын

Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.

Ілмектер: алтын, құн, тас, баға

Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар.

Ілмектер: байлық, қой, кісі, құн

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш,
Ұсынған мойынды кісі кеспес.

Ілмектер: тәрбие, өнеге, ата, құн, мойын