Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (46)

Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың, қатты айтсаң қатыныңа жақпайсың

Ілмектер: шындық, әділдік

Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды

Ілмектер: әділдік, арамдық, ақыл

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Ілмектер: байлық, адал, билік, әділдік

Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

Ілмектер: әділдік, адам

Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.

Ілмектер: әділдік, ата, құл

Ақша үшін әркім-ақ істейді,
Әділдік үшін кім істейді?

Ілмектер: ақша, әділдік

Әділдік әкімге де, әлсізге де, әркімге де бірдей.

Ілмектер: әділдік, әлсіз

Әділдік мақсатқа жеткізеді.

Ілмектер: әділдік, мақсат

Байлықтың не керегі, қайыры болмаса,
Биліктің не керегі, әділдігі болмаса.

Ілмектер: байлық, қайыр, билік, әділдік

Әділдік пен ізгілік,
Қарсы алады жүз күліп.

Ілмектер: әділдік, ізгілік, парсы мақалы