Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (258) Өлеңдер (181) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (260) Ұлағатты сөздер (193) Әзіл, анекдоттар (16)

Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді.

Ілмектер: бала, сын, сынау, кінәлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.

Ілмектер: бала, дұшпан, төбелесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Баланы жамандамаңыз, көзінше де, сыртынан да.

Ілмектер: бала, тәрбие, жамандау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Бала қауіпсіздікті сезініп өссе, ол сенуді үйренеді.

Ілмектер: бала, қауіпсіздік, сезім, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Баланы жиі құптап отырса, ол өзіне жақсы қарауды үйренеді.

Ілмектер: бала, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға ден қойыңыз, нәтижесінде жаманшылыққа орын қалмайды.

Ілмектер: бала, тәрбие, дамыту, нәтиже, жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Не жесе ит баласы соны құсар.

Ілмектер: ит, жеу, бала, құсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Баламен қарым-қатынас жасағанда ең жақсы мәнер қолданыңыз. Оған өзіңізде бар ең жақсы қасиеттеріңізді ұсыныңыз.

Ілмектер: бала, тәрбие, қарым-қатынас, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Ізденістегі балаға — көмек көрсетуге және іздегенін тапқан балаға — білінбеуге дайын болыңыз.

Ілмектер: ізденіс, тәрбие, бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек Мария Монтессори

Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді.

Ілмектер: бала, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жан-Жак Руссо

Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.

Ілмектер: бала, адалдық, тәрбие, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Білімқұмар бала білім арқылы кемеріне толса, ал білім алғысы келмейтін бала масқара болады.

Ілмектер: Білімқұмар, бала, кемер, масқара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Мемлекеттің бірінші міндеті — онда туған балалар ақыл тоқтатып, есейгенше жақсы баспанамен, киіммен, тамақпен қамтамасыз ету және білім беру.

Ілмектер: мемлекет, міндет, бала, баспана, киім, тамақ, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол —тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.

Ілмектер: пенде, жалығу, тағдыр, жаратылыс, адам, бала, құтылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Жұрт — жас бала, жылатып тартып алма...

Ілмектер: жұрт, бала, жылату, нақыл, афоризм, халық, ел, нақыл, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Бір бала бар — атасына жете туады,
Бір бала бар — атасынан өте туады,
Бір бала бар — көтінен кері кете туады.

Ілмектер: бала, ата Қазыбек Келдібекұлы

Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас.

Ілмектер: ұл, бала, құл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Басшысыз үйде бала азар,
Тәртiп жоқ жерде жан азар,
Хан мисызда бәрi азар.
Iрiлiк кетiп жiгiттен,
Күн кешер бекер үмiтпен.

Ілмектер: бала, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, үміт Фариза Оңғарсынова

Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

Ілмектер: құдай, қорқу, пенде, ұят, бала, оқу, білім, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның соры.

Ілмектер: дәулет, ұл, ошақ, сор, ата, бала Қорқыт ата