Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (882) Өлеңдер (49) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (219) Әзіл, анекдоттар (1)

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ілмектер: білім, ақын, өнер, өнерпаз Ғабит Мүсірепов

Адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса, соғырлым өз ісінде табанды да мығым болмақ.

Ілмектер: іс, білім, идея, адам Петр Лесгафт

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!

Ілмектер: білім, мейірім Мағжан Жұмабаев

Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ.

Ілмектер: білім, ғылым Жүсіпбек Аймауытов

Жер үстінде адам өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Ілмектер: білім, адам Жүсіп Баласағұни

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.

Ілмектер: халық, әдептілік, білім, сезім, ерлік Ғабит Мүсірепов

Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Ілмектер: талап, білім, өнер, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жігіттер күн болды ойланарлық...
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық.

Ілмектер: ақыл, білім, жігіт Шәкәрім Құдайбердіұлы

Білген адам білімді өмір бойы іздейді

Ілмектер: адам, білім, іздеу, білім алу Иүгінеки Ахмед

Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді.

Ілмектер: ақыл, білім Габриэль Гарсиа Маркес

Əдеп-ол қоғамның құндылығы,
Білім-ол адамның құндылығы.

Ілмектер: Білім, əдеп туралы нақыл сөз Байкадамова Ділназ Абайқызы

Біліктінің орны - төр.

Ілмектер: ғылым, білім, өнер Саиф Сараи

Білгенге - қиын емес кету байып.

Ілмектер: білім, бай, байлық Міржақып Дулатұлы

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.

Ілмектер: білім, жастар, өнер, оқу, тәлім Ілияс Жансүгіров

Көп оқу – білім төресі.

Ілмектер: оқу, білім Александр Пушкин

Білім - ердің дәулеті.

Ілмектер: білім, ер, дәулет Саиф Сараи

Білім — теңіз, түбі де, шегі де жоқ.

Ілмектер: білім Жүсіп Баласағұни

Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.

Ілмектер: ғылым, білім, ақыл, жұмыс Иүгінеки Ахмед

Білімдіге білімсіз тең бола алмас.

Ілмектер: білім Иүгінеки Ахмед

Бақыттың жолын білім ашар.

Ілмектер: бақыт, білім Иүгінеки Ахмед