Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (35) Жоспарлар (35) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (22)

Ана тілің – біліп қой, -
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой, -
Мақтанышың, елдігің.

Ілмектер: ана тілі, еркіндік, мақтаныш Қадыр Мырза Әли

Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді.

Ілмектер: тіл, ана тілі, жүрек Нельсон Мандела

Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етем.

Ілмектер: тіл, ана тілі Расул Ғамзатов

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Ілмектер: ана тілі, тіл, дүние, халық Жүсіпбек Аймауытов

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

Ілмектер: ана тілі, тіл, ұлт, тарих, халық Шерхан Мұртаза

Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді.

Ілмектер: әдебиет, ұлт, ана тілі Ғұмар Қараш

Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.

Ілмектер: ана тілі, тіл, білім, өнер Ғұмар Қараш

Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Ілмектер: ана тілі, тіл, әдебиет, тіл туралы қанатты сөздер Мұхтар Әуезов

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.

Ілмектер: ана тілі, тіл Нұрсұлтан Назарбаев

Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.

Ілмектер: ана тілі, қате, жат, сөйлеу Халел Досмұхамедұлы

Ана тіліне немқұрайлы қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

Ілмектер: ана тілі, тіл, болашақ Константин Паустовский

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Ілмектер: адам, ана тілі, әдебиет, мәдениет Мұхтар Әуезов

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

Ілмектер: халық, тіл, ана тілі, жастар, білім, мәдениет, тіл туралы Ахмет Жұбанов

Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.

Ілмектер: ана тілі, тіл, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.

Ілмектер: ана тілі, ата-ана Бауыржан Момышұлы

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

Ілмектер: мектеп, бала, ана тілі, тіл Мұхтар Әуезов

Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.

Ілмектер: бала, бастауыш, мектеп, ана тіл, ана тілі, оқу Ахмет Байтұрсынұлы

Өз ана тілін менсінбейтіндер — өз ұлтын үш рет өлтіргендер.

Ілмектер: тіл, ана тілі, ұлт, Қоғам Георг Гегель

Ана тілін менсінбеген — сақау,
Ата ғұрпын елемеген — мақау.

Ілмектер: ана тілі, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сақау, мақау Сайын Назарбекұлы

Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.

Ілмектер: ана тілі, тіл, ұлт, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы