Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (19) Мақал-мәтелдер (47) Ұлағатты сөздер (57)

Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Ілмектер: өмір, ар, қымбат, өлім, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ақиқаттан атап кету — арға сын.

Ілмектер: ақиқат, ар, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Кейбір адамдар есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, арым таза деп ойлайды.

Ілмектер: ар, есте сақтау, адам Лев Толстой

Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

Ілмектер: парыз, ар, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Ілмектер: Ар, парыз, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Азамат бойына іс түскенде арсыз әкімдер семіреді.

Ілмектер: азамат, әкім, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Арды тартып ала алмайды, арды жоғалтады.

Ілмектер: ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов

Малыңды жоғалттың — біраз жоғалттың,
Арыңды жоғалттың — көп жоғалттың,
Еркіңді жоғалттың — бәрін жоғалттың.

Ілмектер: мал, ар, еркіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман — нағыз солдаттың ар-ұяты кез келген сыртқы мәжбүр етуден де қатал.

Ілмектер: ар, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Арсыз заман белгісі — "түлкісінде",
Арсыз адам белгісі — күлкісінде.

Ілмектер: ар, күлкі, арсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ар аттаудан қорыққан бақытты бола алмайды.

Ілмектер: ар, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер І Петр

Арсыз көңіл адамды ит етеді. Ақыл, айла итті адамдай етеді.

Ілмектер: ар, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ит, адам, ақыл, айла Ғабиден Мұстафин

Көңіл — арсыз, нәпсі — мешкей, жетегіне жүре берсең қатарсың сеспей.

Ілмектер: көңіл, ар, нәпсі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мешкей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Қанағат, тоқтам, ар, нысап, қасиеттер ғой ең әсем.

Ілмектер: Өкім Жайлауов, Қанағат, тоқтам, ар, нысап, қасиет Өкім Жайлауов

Құран түсінсең кешпейсің баз, тағдыр — тәрбие, ғылым — ұстаз, осы үшеуін танып болсаң, арын таза сақтайтұғын,
Құдайға тартқан, боласың мұнтаз.

Ілмектер: Құран, тағдыр, Алла, ұстаз, құдай, ғылым, тәрбие, ар, тазалық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев