Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (24) Өлеңдер (8) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (388) Ұлағатты сөздер (25)

Тоқ адам асты таңдап ішеді,
Аш адам тамағынан өткенді ішеді.

Ілмектер: тоқ, аш, адам, ас Жүсіп Баласағұни

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Шала істеген іс жаман, шала піскен ас жаман...

Ілмектер: шала, жаман, ас, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Кембағалға қарассаң,
Кемдігін айтып даттама.
Аш адамға ас берсең,
Жасытып арын таптама.

Ілмектер: ас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Арам ыдыста адал ас, арам көңілде таза махаббат тұрмайды.

Ілмектер: арам, ас, ыдыс, махабат, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин