Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (27) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (84) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (2)

Сен әруақытта қазiргiдей бiр көрiнiстi көресiң: адамдар некеге отырады, бала өсiредi, ауырып-сырқайды, өледi, соғысады, тойлайды, саяхат жасайды, жер өңдейдi, жағымпазданады, тәкаппарлық жасайды, қастық iстейдi, басқаның өлімін тілейді, тірлігіне көңілі тоймайды, ұнатады-сүйедi, қазына жинайды. Құрметтi лауазымдар мен таққа таласады.

Ілмектер: көрініс, неке, ауру, өлім, өмір, соғыс, той, саяхат, жағымпаздық, тәкаппарлық, қастық, көңіл, лауазым, тақ, талас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен

Сауыңда жүрмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді.

Ілмектер: денсаулық, ауру Гораций

Адамдардың сыртқы өмірге, қоршаған ортаға, жалған адамдарға «тәуелді» болып қалуы – «Құлдық Сананың» салдарынан пайда болатын ауру – бұны тәуелділік дерті деп атайды. Тәуелділікті емдеудің салдарынан адамдар өз ішіне үңілуден қорықпайтын батырға айналады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, адамзат, Адасқан өмір, Өмір, қоршаған орта, жалған дүние, жалған, тәуелділік, құлдық сана, ойлау, қорқақтық, батыр, емші, ауру, дерт Нарша Булгакбаев

Ғылым біздің көптеген ауруларымыздың емін ойлап тапты, бірақ олардың ең қорқыныштысы — немқұрайлылықты таба алмады.

Ілмектер: ауру, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, немқұрайлылық Энн Салливан

Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.

Ілмектер: ауру, дәрігер, оқушы, ұстаз, ана, әйел, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек, ұмыту Үнді даналығы

Сын ауыр болса кемшіліктерден арыласың, сын әділ болса ауруыңнан жазыласың.

Ілмектер: Сын, сынақ, әділ, кемшілік, ауыр, ауру, туралы Нарша Булгакбаев

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев