Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (37)

Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.

Ілмектер: Ашу, байсалдылық, жамандық, жақсылық, сараңдық, жомарттық, өтірік, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Шындықты айт, ашуланба. Сұрағанға азғантай болса да бер.

Ілмектер: Шындық, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.

Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адамдармен қатынаста iзгiлiк мiндеттi нәрсе. Егер сен адамға қайырымды болмасаң, ашулы болсаң, оның бойында да ашу-ыза тудырасың.

Ілмектер: ізгілік, қайырым, ашу, қайырымды, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса, домбыт, мақтаншақ, қорқақ.

Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Сен өзiңдi мейiрбан сезiнсең, мұны саған ашуланып, ала көзiмен қарайтын басқалар одан сайын сезiнедi. Iзгi адам бәрiнiң жолында кесе-көлденең тұратынын ұмытпа.

Ілмектер: мейірбан, сезім, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше

Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.

Ілмектер: ашу, ыза, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ашулану — аз уақытқа есуас болу деген сөз.

Ілмектер: ашу, ашулану, уақыт, есуас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций

Бiздiң ашуымыз немесе қапалануымыз өзiмiздi ызалануға мәжбүр еткен нәрседен гөрi бiзге көбiрек зардап шектiредi.

Ілмектер: ашу, қапалану, ыза, ызалану, зардап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Леббок

Ашумен басталған нәрсе ұятпен аяқталады.

Ілмектер: ашу, ұят Лев Толстой

Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.

Ілмектер: ашу, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ашу — сол уақыттағы ессіздік.

Ілмектер: ашу, ессіздік, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гораций

Тәуір адам ашуы бір сәтке.
Орташа адам ашуы жарты күнге.
Төмен адам ашуы бір күн, бір түн.
Нашар адам өмір бойы ашудан бос болмас.

Ілмектер: адам, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нашар Үнді даналығы

Сəтсіздік — үлкен төре тəрізді соңынан шұбатып төлеңгіт ертіп жүреді. Сəтсіздіктің сіңлісі — ең ізгі жүректің өзін ашу мен қатігездікке жеңдіретін қажеттілік.

Ілмектер: Сəтсіздік, жүрек, ашу, қатігездік Роберт Вальзер

Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.

Ілмектер: ашу, іс, мінез-құлық, мінез Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ілмектер: ақыл, сөз, олжа, жол, ашу, су, дария, ағын су, Әйтеке би, әйтеке бидің шешендігі, туысқан, Әйтеке, би Әйтеке би