Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (55) Әзіл, анекдоттар (3)

Мен бай емеспін, бірақ ақшасы бар жарлымын. Бірақ бұл екеуі бір емес.

Ілмектер: бай, жарлы, ақша Габриэль Гарсиа Маркес

Ақшаның еш мәні жоқ. Ол тек белгілі мақсатқа жету құралы. Ақша неге қабілетті екенін және ең бастысы, не істеуге күші жетпейтінін түсінуіміз керек.

Ілмектер: ақша, мақсат, құрал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Адамның өзінің ақшасынан, үй–жайынан, қора–қонысынан айырылуы аянышты емес, мұның бәрі адамға тиесілі емес. Ал адам өзінің шын меншігі – өзінің адамдық қадір–қасиетін жоғалтса, бұл енді аянышты–ақ.


Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қадір, қасиет Эпиктет

Тамаша көлік пен үлкен үй сенің әлі жеткілікті бай немесе ақша табу икеміңнің мол екенін білдірмейді.

Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Мен үшін ақша — орындалған борыштың жетістігі.

Ілмектер: ақша, борыш, жетістік Рэй Крок

Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз.

Ілмектер: ақша, табыс, жұмыс Рэй Крок

— Сіз неліктен электр шамын жасағаныңызды білесіз бе?
— Жоқ… Бірақ бір білерім, үкімет бұл үшін адамдардан қалай ақша алуды жақында ойлап табатын болады.

Ілмектер: электр шамы, үкімет, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Эдисон

Емшілер кеседі, күйдіреді, ауыруды қинайды, сосын осы жұмысы үшін ақы алады.

Ілмектер: емші, ауру, ақша, ақы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді.

Ілмектер: бастық, компания, жұмыс, қаржы, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Ақша бәрiн жасай алады деп есептейтiн адамдар — ақша үшiн бәрiн жасаудан тайынбайтындар.

Ілмектер: ақша, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пьер Буаст

Адамды адам ететiн ақша! Әлi ешқашан жарлы-жақыбай лайықты да қадiрлi болған емес.

Ілмектер: адам, ақша, жарлы, кедей, қадірлі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Алкей

Ақша шiркiн майдаланса тиын ғой,
Адам бірақ майдаланса қиын ғой.

Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қиын, тиын, адам Сырбай Мәуленов

Ақындық, өлең дегеннің өзі — сондай пәкиза, таза дүние. Оған ақша араласса құриды.

Ілмектер: Ақындық, өлең, дүние, таза, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Есенғали Раушанов

Жоқ, жан шошырлық жағдайға тап болмай тұрғанда, ақшаның бәрін көйлекке жұмсап үлгеру керек!

Ілмектер: ақша, көйлек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Адамға жеңіл ақша бергенше,
Адамға жұмыс бер қолдан келгенше.

Ілмектер: жұмыс, іскер, іскерлік, ақша, жеңіл ақша, адам, жұмыс берушілер, табыс Али Динабеков

Бейне ақша тауарға, тауар ақшаға айналғаны секілді от барлық нәрсеге айналады, барлық нәрсе де отқа айналады.

Ілмектер: ақша, от, тауар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Өмір ақша мен уақыттың ойынынан тұрады.

Ілмектер: өмір, ақша, уақыт, ойын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Әдетте егде жастағы кісілер жастарға ақша жинауға кеңес беріп жатады. Бұл нашар кеңес. Бес теңгеліктер жинамаңыздар. Мен 40 жасқа жеткенше өмірімде бірде бір рет доллар да жинап көрмеппін.

Ілмектер: ақша, кеңес, жастық шақ, доллар, өмір Генри Форд

Бизнес әлемінде табыстың тек екі ғана түрі бар: ақша мен тәжірибе. Бірінші кезекте тәжірибе жинаңыз, ал ақша кейінірек келеді

Ілмектер: бизнес, табыс, тәжірибе, ақша Гарольд Дженин

Рим маған туристерге әжесінің мәйітін көрсету арқылы ақша табатын адамды еске түсіреді.

Ілмектер: Рим, турист, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақша Джеймс Джойс