Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Пайда менен залалды - ақыл айырады.

Ілмектер: Пайда, залал, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ақыл, сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән.

Ілмектер: ақыл, сезім, тіршілік, сән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Ілмектер: еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл Абай Құнанбайұлы

Ақылдылықтың да пайдасы тиеді, ақымақтықтың да пайдасы тиеді: алғашқысын әр кезде күтесің, соңғысы өзі келіп ұрынады.

Ілмектер: ақыл, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.

Ілмектер: Ақыл, Дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, келбет Абай Құнанбайұлы

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.

Ілмектер: әсемпаз, өнер, қайрат, ақыл, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Пайдасыз тақыл — байлаусыз ақыл.

Ілмектер: Пайда, ақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ақыл — жүректің суаты.

Ілмектер: Ақыл, тазалау, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек.

Ілмектер: адам, ақыл, іс, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ақылды адам ертенгі күнін ойлайды.
Ақылсыз адам бүгіндікпен ойнайды.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, даналық, ақылды адамдар, ақыл, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, адам баласы Али Динабеков

Ақылды жүрекпен сезіп, аз сөйлеп оймен жеткізер.
Ақылсыз мұрынмен сезіп, көп сөйлеп тілмен жеткізер.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық, ақыл, ақылды, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, жүрек, мұрын, тіл, сөйлеу, сезім Али Динабеков

Ақылды адам ақылынан адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды.

Ілмектер: Ақыл, ғашық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Адам баласының ең қажет екі қасиеті — ақыл-оймен сөз.

Ілмектер: ақыл, ой, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет Плутарх

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақпейіл, мақтау Абай Құнанбайұлы

Әрдайым есте сақтаңыз, сіздің бейсанаңыз өзінің қайнар көзі – «Әмбебап (жалпыға ортақ ақиқат) Ақылдың» даналығына ашық болуы керек. Осы даналыққа сеніңіз, сонда сіз аз қателіктер жіберіп, сау және бақытты боласыз. Сіз жемісті өмір сүретін боласыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сана, ақыл, даналық, сенім, қателік, денсаулық, бақыт, Өмір Нарша Булгакбаев

Ойлау деңгейінің тереңінде біздің ақыл-ойымыздың (санамыздың) «бейсана» деп аталатын керемет бөлігі жатыр. Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі ешкім оның нақты мәнісін және шексіз мүмкіндіктерін толық түсіне алған жоқ.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ойлау, ақыл, сана, өмірдің мәні, шексіздік, мүмкіндік Нарша Булгакбаев

Адамның ақылының кіруіне жасы да үлкен роль атқарады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, ақыл, жас Нарша Булгакбаев

Сіз дұрыс таңдау жасауыңыз керек, ал ол үшін бейсана – өзінің қайнар көзі «Әмбебап Ақылдың» (Жаратушының) даналығына ашық болуы керек.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, таңдау, сана, жаратушы, ақыл, даналық көзі Нарша Булгакбаев

Алтындар не деген кезде? «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау мен шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен Жүрек» т.б. ұғымдар деп айтар едім.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, алтын, денсаулық, уақыт, мүмкіндік, қабілет, таңдау, Шешім қабылдау, ақыл, жүрек Нарша Булгакбаев

Сіздің ақылыңызды үнемі иеленетін ақпарат – ойға айналады, сосын әрі қарай сіздің бейсанаңызға еніп, біртіндеп сіздің өмірлік тәжірибеңізге айналады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақыл, ақпарат, ой, сана, өмірлік тәжірибе Нарша Булгакбаев