Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (38) Өлеңдер (52) Жоспарлар (17) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (60)

Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан

Ілмектер: Достық, жан Аристотель

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Ілмектер: достық Бауыржан Момышұлы

Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес

Ілмектер: Достық Аристотель

Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.

Ілмектер: достық, шындық Аристотель

Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.

Ілмектер: достық Аристотель

Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.

Ілмектер: нығмет, достық Аристотель

Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

Ілмектер: адам, махаббат, достық Әзілхан Нұршайықов

Жұмысты шектен шығып ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың. Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсан, досыңның сенімін жоғалтасын.

Ілмектер: Достық, жұмыс, ақкөңіл, басшы Конфуций

Достық әлсізденген сайын, сыпайылық арта түседі

Ілмектер: достық Уильям Шекспир

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.

Ілмектер: дұшпан, достық Саиф Сараи

Достық сенімсіздік басталған жерде бітеді.

Ілмектер: достық, сенімсіздік Сенека

Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.

Ілмектер: байлық, достық Тоқсары

Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.

Ілмектер: достық, сөз, іс, дос, пейіл Тоқсары

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

Ілмектер: достық, дос, қиындық Тоқсары

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.

Ілмектер: достық, дос, жаман Тоқсары

Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.

Ілмектер: достық, адал, құрмет, скиф, абырой Тоқсары

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.

Ілмектер: дос, достық, адалдық Тоқсары

Құдалық та - достықтың дәнекері.

Ілмектер: құдалық, достық Тоқсары

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.

Ілмектер: қонақ, достық, қонақжайлық, үй, борыш Тоқсары

Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен.

Ілмектер: достық, бала, ойын Тоқсары