Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (20) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (76) Әзіл, анекдоттар (1)

Босанарын біліп тұрып, байлауға түскен батылдыққа жатпайды.

Ілмектер: батылдық, ерлік, нақыл, афоризм Тоқсары

Ерлік тағдыр соққысын тәлкек етеді.

Ілмектер: ерлік, тағдыр, нақыл, афоризм Демокрит

Өмірде ерлікке әрқашан орын бар.

Ілмектер: өмір, ерлік Максим Горький

Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек.

Ілмектер: әлем, ерлік, байлық, рухани байлық, қанатты сөздер, нақыл, афоризм Әбіш Кекілбаев

Нағыз жігіт - жауды көрсе гүрілдейді,
Қорқақ байғұс - көлеңке көріп дірілдейді.

Ілмектер: Ерлік Бағлан Ерғали

Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі; ерлік — екінші орындағы нәрсе.

Ілмектер: төзім, әскер, ерлік, талап, нақыл, афоризм Наполеон Бонапарт

Кез келген әйел махаббат жолында ерлік жасауға қабілетті.

Ілмектер: махаббат туралы нақыл сөздер, ерлік, әйел, махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Александр Куприн

Екі дүниеде жырласақ Ана ерлігін, Ананың өжеттігін жырлайық та!

Ілмектер: Ғабит Мүсірепов, ана, афоризм, қанатты сөздер, ерлік, өжеттік Ғабит Мүсірепов

Ерлігі бар елге жағар.

Ілмектер: ерлік, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тоқсары

Ерлік — тәрбие жемісі.

Ілмектер: Ерлік, тәрбие, жеміс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әдіссіздік — әлсіздік,
Ептілік те ерлік.

Ілмектер: ептілік, ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өжеттіліктен не пайда,
Ерлігі мен ақылы
Көпті батыр етпесе.

Ілмектер: Өжеттілік, ерлік, ақыл, батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ерлік елеусіз қалмасын.

Ілмектер: ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұрыста тәуекел ету де — ерлік.

Ілмектер: ерлік, ұрыс, соғыс, тәуекел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жасық жан ержүрек бола алмайды. Ол жанқиярлық ерлік жасауға да қабілетсіз.

Ілмектер: ержүрек, жасық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерлік Бауыржан Момышұлы

Ерлік жайында су жүректер, ізгілік жайында арамзалар бәрінен де көп айтады.

Ілмектер: ерлік, ізгілік Лев Толстой

Аспан айналып жерге түссе де, күйректікке салынба.

Ілмектер: ерлік Лев Толстой

Ерлік тек батырлық қылықтар үшін ғана емес, сонымен бірге өнімді іс-әрекеттер мен ой толғау үшін де қажет.

Ілмектер: ерлік, батырлық, іс, ой Адольф Дистервег

Жалпы мықты ерік-жігер — жеңіс серігі.

Ілмектер: жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерлік, жігер Бауыржан Момышұлы

Телегей теңіз қан төккен батырлықтан гөрі жалғыз тамшы көз жасын құрғатқан батырлық анағұрлым артық.

Ілмектер: батырлық, ерлік Джордж Байрон

Пікірлер