Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (148) Ұлағатты сөздер (67)

Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш.

Ілмектер: дос, ақыл, кеңес, жау, сүйеніш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие берiлуi керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өмiрiне опат әкеледi.

Ілмектер: бiлiм, тәрбие, тәрбиесіз, жау, опат, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Жауыңмен жарықта жүргеннен, досыңмен қараңғыда жүрген жақсырақ.

Ілмектер: жау, достық Хелен Адамс Келлер

Досы көпті жау алмайтын заман өткендей.
Досы көпті қазір табалмайтын заман келгендей.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз, дос, достық, жау, заман, досы көп, қазіргі заман Али Динабеков

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин,
Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
— Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!

Ілмектер: бата, дос, жау, адалдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы

Жауыңды жапыра біл,
Баудай түсіре біл.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жанын аяған — тәніне жау.

Ілмектер: жан, тән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Бауыржан Момышұлы

Егер жауың байқалмаса, босаңсыма, жел де көрiнбейдi, бiрақ шырақты өшiредi.

Ілмектер: жау, босаңсу, жел, шырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Ілмектер: жау, өмір Бауыржан Момышұлы

Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.

Ілмектер: жау, дос, жеңу Авраам Линкольн

Қашу — жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

Ілмектер: Қашу, жау, жол, опасыздық, өлім, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Зор дұшпаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан.

Ілмектер: дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Шәкәрім Құдайбердіұлы

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.

Ілмектер: тәрбие, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Әр ел өз ерлігін көтере айтқанда жеңген жауының осал еместігін қоса айтады. Тек ірілік қана аңызға айналады...

Ілмектер: ел, ерлік, жау, аңыз, ірілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Қай жерде болсын халықтың мұң-мұқтажына құлақ аспаған адам ол азамат емес. Ол халқының бірінші жауы!

Ілмектер: халық, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мұң, мұқтаж Ғабит Мүсірепов

Күн жаманы тынады жауын болып,
Дос жаманы тынады жауың болып.

Ілмектер: жау, күн, жауын, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Тілің өткір болса, жауыңды табар,
Артық айтсаң, айналып келіп өзіңді қабар.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Сайын Назарбекұлы

Әр адам — өзінің қас жауы.

Ілмектер: жау, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Қас жауыңды анықтағың келсе — атақты бол.

Ілмектер: атақ, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Сырттан кіжінген найзалы жаудан, іштен аңдыған кездікті дұшпан қауіпті.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дұшпан Ғабиден Мұстафин