Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (34) Өлеңдер (12) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (90) Әзіл, анекдоттар (7)

Жақсы басқара білу – ол орта қабілетті адамдарға ерекше адамдардың жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету.

Ілмектер: басқару, адам, жұмыс Джон Дэвисон Рокфеллер

Бәрін білетін адамнан ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.

Ілмектер: адам, жұмыс, ынта Джон Дэвисон Рокфеллер

Жастық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, ұшу, жұмыс істеу, жұмыс істеу, жұмыс істеу үшін берілген.

Ілмектер: Жастық шақ, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру.

Ілмектер: адам, жаза, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Мен шайды көп ішуге тиіспін, өйтпеген күнде жұмыс істей алмаймын. Шай менің жанымның терең түкпірінде ұйықтап жатқан мүмкіндіктерді оятады.

Ілмектер: шай, жан, жұмыс Лев Толстой

Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың.

Ілмектер: жұмыс, қанағат Ыбырай Алтынсарин

«Өмірді тек СЫРТҚЫ адамдар (үкімет) басқарады», «Менің өмірім қоршаған ортаға жəне СЫРТҚЫ жағдайларға ғана (отбасы, жұмыс) байланысты» деген сияқты сенімдер – СЫРТҚА тәуелді адамның санасында берік орныққан. Олар керісінше дəлелдейтін логикалық сенімдерді қабылдаудан бас тартады.

Абайдың замандасы, американдық, Уильям Джеймс, көрнекті философ жəне психолог: «Біздің заманымыздың ең үлкен жетістігі — ойлаудың ішкі жақтарын өзгерту арқылы біз өмірдің СЫРТҚЫ жақтарын өзгерте алатындығымыз», — деп айтып кеткен. Бұл қысқа мəлімдемеде үлкен шындық бар.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, сырт, адам, Үкімет, басқару, қоршаған орта, отбасы, жағдай, жұмыс, айнала, тәуелділік, сенім, сана, логика, қабылдау, философия, психология, заман, Жетістік, шындық, шындық туралы, Абай Құнанбаев Нарша Булгакбаев

Ақиқатта пенденің жұмысы жоқ,
Өз шындығын өмірде әркім іздер.

Ілмектер: ақиқат, жұмыс, пенде, шындық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Жұмысты, еңбекті қажет ететін төрт сала бар - физикалық денсаулық, психоэмоционалды денсаулық, материалдық әл-ауқат, әлеуметтік ортаға бейімделу.

Ілмектер: Жұмыс, еңбек, денсаулық, материалды мәдениет, ауқат, әлеумет, орта, қоршаған орта Нарша Булгакбаев

Өмірлік мақсаттардың басым бөлігіне тек бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Ілмектер: өлім, мақсат, жұмыс, қол жеткізу Альфред Адлер