Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (20) Өлеңдер (94) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (54)

Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік, Ата-ананың достығын үйретейік... Балаларымызды әуелі ата-ананың мейіріміне, махаббатына бөлейік!

Ілмектер: су, тазалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ата-ана, бала, тәрбие, ағаш, күн, мейірім, махаббат Ғабит Мүсірепов

Елдің ертеңгі күнін ойлайтын да бір адам болу керек шығар. Солмын мен!

Ілмектер: ел, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Үлкен адам кішірейген сайын үлкейе береді екен. Біз — сағат санап, күн санап өскен ел емес, замана таңбаларын санап өскен елміз...

Ілмектер: ел, сағат, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Бүгінгі іс-әрекетіміздің сәтсіздік тәжірибесі, ертеңгі күнгі сәтті ісіміздің хабаршысы болуға тиіс.

Ілмектер: сәтсіздік, ертең, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Күн жаманы тынады жауын болып,
Дос жаманы тынады жауың болып.

Ілмектер: жау, күн, жауын, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Құдай саған бар өміріңнің күндерін өмір сүруге жазсын.

Ілмектер: өмір, күн, құдай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт

Дана да күн секілді, өз сәулесін өзгеден қызғанбайды.

Ілмектер: дана, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қызғаныш Сайын Назарбекұлы

Күйгелектің күні қыста да ыстық, жайбасардың күні жазда да салқын.

Ілмектер: Күйгелек, қыс, күн, ыстық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жайбасар, жаз, салқын Ғабиден Мұстафин

Өсімдік ұрықтанады, бірақ тумайды. Ол өмір сүреді, бірақ өмірінде ояну, сезім əлемін ашатын алғашқы күн жоқ.

Ілмектер: өсімдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, күн Освальд Шпенглер

Тіл — ұзақ-сонар қызыл-жасыл метафорасыз күн көре алмайды.

Ілмектер: тіл, метафора, күн Жак Деррида

Неге махаббат пен достық күннің көзіндей мəңгілік емес?!

Ілмектер: махаббат, достық, күн, мәңгілік Роберт Вальзер

Күнің келгенде жексұрын болып жер қойнына енесің.

Ілмектер: күн, өлім Жорж Батай

Біз күннің үлкен шар екенін өте жақсы білуіміз мүмкін, бірақ соған қарамастан, біз оны тек бірнеше елі дөңгелек түрінде ғана көре аламыз.

Ілмектер: дөңгелек, күн, шар Эмиль Дюркгейм