Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (30) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (23)

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді.

Ілмектер: Абай, қымбат, арзан, шындық, кәрілік Абай Құнанбайұлы

Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,
Қарттыққа аяғын алдырмағаны.

Ілмектер: еңбек, қарт, кәрілік Ыбырай Жақаев

Кәрілік қалдырады ұятқа.

Ілмектер: кәрілік, ұят Шал Құлекеұлы

Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.

Ілмектер: көңіл, кәрілік, адам Шал Құлекеұлы

Жас сыны: қырықта — қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда — ашқарақ бөрідеймін, жетпісте — шала илеген терідеймін, жетпістен асып, сексенге келгенімде — кері кеткен перідеймін, тоқсанға келгенімде — торғайдаймын: атқа мініп, малымды зорға айдаймын, кемпір мен шалдан билік кеткеннен соң, отырып от басында ойбайлаймын. Тоқсан бесте - мен өзім тор болғамын, мүләйім отқа салған бор болғамын, кәрілік әбден езіп болғаннан соң – баланың баласына қор болғамын.

Ілмектер: жастық шақ, кәрілік Шал Құлекеұлы

Елу — ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен.

Ілмектер: кәрілік, адам жасы Шал Құлекеұлы

Жұмысқа жарап тұрғанымда, мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.

Ілмектер: жұмыс, кәрілік, кәрі Бауыржан Момышұлы

Қызықшыл дырду өмір — күні бұрын жеткен кәрілік.

Ілмектер: өмір, кәрілік Иоганн Вольфганг фон Гёте

Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде — селкілдеген шал боларсың, тоқсанда — сексенге де зар боларсың, жүзге келсең — дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың.

Ілмектер: жас, жастық шақ, кәрілік, қарттық, өмір, қызық Жиренше шешен

Кәріге жігітшілік жараспайды.

Ілмектер: кәрілік, жастық шақ, нақыл, афоризм Құтып

Жетпіс бес жасқа келгенде,
Жылуы болмас қойныңның,
Қаруы болмас сойылдың –
Өлмесең де жойылдың.

Ілмектер: қарттық, нақыл, афоризм, кәрілік, жетпіс бес, жас Бұқар жырау

Әз Жәнібек хан ноғайлы жұртымен бірге, қалмақ елін де қоса билеп тұрады. Ол ел тағдырын он екі бимен ақылдасып шешіп отырады екен. Бидің үлкені баяғы Жиренше. Бұл ердің білгірлігін сынағыш хан бір күні:

- Әу, Жиренше! Адам қалай қадірлі болады? - дейді.
- Қадірлі болғысы келген адамға үш жолдас керек, - дейді Жиренше табан астында.
- Иә, қандай жолдас?
- Бақыт, дәулет, ырыс.
- Ал басқа пәле қайдан?
- Басқа пәле тілден.
- Кәріліктің белгісі не деп білесің? - дейді хан.
- Қаратауға қар жауар.
- Қарсы алдынан жел тұрар, - дейді Жиренше.
- Қыз алған қалай?
- Қыз: "өзің білесің" дер.
- Жеңге алған қалай?
- Жеңге: "өзім білем" дер.
- Жесір алған қалай?
- "Балам білер" дер.

Бас биінің білгірлігіне хан осылайша тәнті болады екен.

Ілмектер: пәле, кәрілік, нақыл, афоризм Жиренше шешен

Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер...

Ілмектер: өмір, кәрілік, жастық шақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям

Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, қарттық Жамбыл Жабаев

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Ілмектер: атақ, өмір, абырой, кәрілік Бауыржан Момышұлы

Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.

Ілмектер: кәрілік, өмір, өзен Саиф Сараи

Жастық өтер, кәрілік жетер.

Ілмектер: жастық, кәрілік, өмір Шал Құлекеұлы

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен

Кәрілік — күлге аунаған кәрі бура.

Ілмектер: кәрілік, адам, өмір Шал Құлекеұлы

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы