Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (25)

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, мақтау Бауыржан Момышұлы

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Ілмектер: мақтау, ниет, қара, ақ Бауыржан Момышұлы

Кәміл адам мақталса да, айыпталса да, халі өзгермейтін адам!

Ілмектер: мақтау, Айыптау, адам Омар бин Абдулазиз

Мақтау және жаланы бейжай қабылда,
Ақымақпен ерегіске салынба.

Ілмектер: мақтау, жала, ақымақ, ерегісу Александр Пушкин

Ақылды адамға ең ауыр жаза - мақтай беру, мақтай беру

Ілмектер: ақыл, адам, мақтау Ғабит Мүсірепов

Ақымақты мақтасаң – қуанады.

Ілмектер: ақымақ, мақтау, қуану, надандық Саиф Сараи

Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.

Ілмектер: патриот, мақтау, кемшілік, түзеу Нұрсұлтан Назарбаев

Мен біреудің мақтауына немесе кінәлауына көңіл аудармаймын! Мен тек өз ішкі сезіміме еремін.

Ілмектер: сезім, мақтау, кінә, нақыл, афоризм Волфганг Амадей Моцарт

Мақтау мен масаттану — даусыз мойындаудың күнгей беті де, күндеу мен қызғаныш — көлеңке беті.

Ілмектер: мақтау, масаттану, күндеу, қызғаныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев

Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.

Ілмектер: мақтау, ақыл, афоризм, нақыл, қанатты сөздер, Лао-цзы Лао-цзы

Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.

Ілмектер: мақтау, сұңқар, тұлпар, нақыл, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Сыпайы сырттан мақтар.

Ілмектер: сыпайылық, сыпайы, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Мақтаулар — жақсы нәрсе, мадақтар да әдемі нәрсе ғой, алайда махаббат — адамның өз мінезі мен мүмкіншілігінің арқасында жеңіп алатын баға жетпес қазынасы.

Ілмектер: мақтау, мадақ, махаббат, қазына, мінез Марк Твен

Баланы жиі мақтаса, ол бағалауды үйренеді.

Ілмектер: бала, тәрбие, мақтау, бағалау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.

Ілмектер: жат, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайыршылық, бай, мақтау, қарғыс Абай Құнанбайұлы

Ақиқат қашанда ащы, оны айта білу одан да ауыр. Соны біле тұра, көлгірсіп, өтірік мақтау айтуға әуестік ше? Шын сөз сұлу емес, ал сұлу сөз ақиқат емес.

Ілмектер: ақиқат, ащы, ауыр, өтірік, мақтау, сөз, шылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

Тек жамандауға немесе мақтауға тұрарлық адам жоқ, болған емес және болмайды да.

Ілмектер: жаман, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.

Ілмектер: адам, дарын, артық, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Iзгiлiктi көрсем мақтаймын, бiрақ лайықсыз iстер тартады да тұрады.

Ілмектер: Iзгiлiк, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Овидий

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақпейіл, мақтау Абай Құнанбайұлы