Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2863)

Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырамын деп, сынық қылатын да кез болады.

Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ

Бəрін түсіну мақсат емес,
Біліп тұрып түсінбеу жақсы ат емес.

Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ

Ақымақ адам қателессе, оны біреуге аударуға тырысады.
Ақылды адам қателессе, оны өзі түзей бастайды.

Ілмектер: Адам, нақыл, адамгершілік Бейсенбай Кенжебаев

Қазір маған аттың орнына космос кемесін бейнеле десе, мен соны жаза алмас едім.

Ілмектер: космос, бейнелеу, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің.

Ілмектер: дін, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Қазақтың радиомаразмы: «махаббаттың сүйіспеншілігіне бөленіп...».

Ілмектер: радио, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Пайда қуу – ойын шарты. Мүдделі болмасаң, ойынға да кірмейді.

Ілмектер: пайда, шарт, нақыл, ойын, афоризм Олжас Сүлейменов

Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан да, әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл!

Ілмектер: өмір, адам, нақыл Ыбырай Жақаев

Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым – тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ.

Ілмектер: поэзия, сезім, ғылым, ақыл, өлең, нақыл, зерде Олжас Сүлейменов

Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен кыздың белгісі.

Ілмектер: сөз, мінез, нақыл, қыз, ұл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Ата-бабаларымыздың сана-сезімдерінің қалтарыстары аз болмаған.

Ілмектер: сана, сезім, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Екі бақсы бір үйге сыймайды.

Ілмектер: нақыл, афоризм, бақсы, үй Мырзатай Жолдасбеков

Бала – тапқандікі емес, бала – қаққан мен баққандікі.

Ілмектер: бала, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек

Ілмектер: тіл, қазақ тілі, тіл құрамы, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.

Ілмектер: үй, өсиет, нақыл, афоризм Құтып

Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза ғана қоса алады.

Ілмектер: сөйлем, проза, лингвистика, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Бізді билегісі келгендерге тосқауыл болғаннан гөрі, олардың өзін билеген анағұрлым жеңілірек.

Ілмектер: билік, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».

Ілмектер: Абай, қазақ, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.

Ілмектер: білім, надандық, афоризм, нақыл Сократ