Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (84) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (229)

Ойдың жанарға жеткен жылтылындай – жанардың жарығы да жанға түседі.

Ілмектер: ой, жанар, жан Асқар Сүлейменов

Ой ойнамай – сөйлем жоқ.

Ілмектер: ой, сөйлем Асқар Сүлейменов

Ақыл-ойды дамыту үшін жаттау емес, ойлау қажет.

Ілмектер: ақыл, ой, жаттау Рене Декарт

Сөз - құлын да, ой - жылқы.

Ілмектер: сөз, ой Асқар Сүлейменов

Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.

Ілмектер: ақыл, тән, сұлулық, ой Франсуа де Ларошфуко

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.

Ілмектер: жалған, өтірік, талант, ақыл, ой Виссарион Белинский

Жақсы дос бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады.

Ілмектер: дос, ой, жолдас Әлішер Науаи

Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.

Ілмектер: сөз, ой, тіл Жүсіпбек Аймауытов

Адамдардан немесе әртүрлі жағдаяттардан қашып құтылуың мүмкін. Бірақ өз ойларың мен сезімдеріңнен ешқашан қашып құтыла алмайсың

Ілмектер: сезім, ой, адам Ремарк Эрих Мария

Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу — ой мешеулігі.

Ілмектер: қанағат, ой Ғабиден Мұстафин

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Ілмектер: ой, ақыл, ғылым, қайрат, өнер, дүние Жүсіпбек Аймауытов

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Ілмектер: тілек, еңбек, ой Бауыржан Момышұлы

Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.

Ілмектер: темекі, тән, ақыл, ой Оноре де Бальзак

Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.

Ілмектер: ой, жау, күлкі Бауыржан Момышұлы

Жаңа ғашық болған шағыңда ойда жаңғырған тәрізденеді.

Ілмектер: ғашықтық, ой Мұхтар Әуезов

Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек.

Ілмектер: ой, алғырлық, қайрат Николай Чернышевский

Өз ойларын көріктеп айта алмау — кемшілік, ал өзінің көкейіне түскен ойларының болмауы — одан да асқан кемшілік.

Ілмектер: кемшілік, ой Константин Ушинский

Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет.

Ілмектер: еңбек, ой Қаныш Сәтбаев

Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек.

Ілмектер: ой, сана, тіршілік Пауло Коэльо

Көңіл - дария, ой - дауыл.

Ілмектер: көңіл, ой Бернияз Күлеев