Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (14) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (60)

Сананы тұрмыс билейді.

Ілмектер: сана, тұрмыс Цицерон

Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.

Ілмектер: тамақ, ұйқы, сана Фрэнсис Бэкон

Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.

Ілмектер: сана, сезім, әлем Уинстон Черчилль

Түзу жүрсең, түңілген жаныңда еңсеңді көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың.

Ілмектер: уайым, сана, ой, түңілу Викентий Вересаев

Нақты не қалайтыныңызды елестете алған кезіңізде, бұл сіздің санаңыз бен денеңізді мақсатыңызға жету үшін программалай бастайды. Өз шектеулерімізден асып шығу үшін бұдан да зорына лайықты екенімізді сезіне алуымыз керек. Сол кезде шынайы өмір сіздің үмітіңізді ақтайды.

Ілмектер: қалау, мақсат, өмір, сана, дене, сезім, үміт Энтони Роббинс

Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.

Ілмектер: сана, еңбек, бақыт Константин Ушинский

Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек.

Ілмектер: ой, сана, тіршілік Пауло Коэльо

Әлемге толса көкірек - ашылар кезі сананың.

Ілмектер: көкірек, сана, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде.

Ілмектер: салт, сана, кәсіп, афоризм, нақыл Міржақып Дулатұлы

Ата-бабаларымыздың сана-сезімдерінің қалтарыстары аз болмаған.

Ілмектер: сана, сезім, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Ілмектер: өмір, сана, абақты Мағжан Жұмабаев

Күдік туса қасиеттілік санамыздан қашады.

Ілмектер: күдік, қасиеттілік, сана Гераклит

Айнаға басқа адамның көзімен қарау мүмкін емес. Адамның өздік санасы ондайда «анау тұрған басқа адам емес, менің Менім» дегенді күбірлеуден жалықпайды.

Ілмектер: айна, қарау, көз, сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Сапа ешқашан кездейсоқ келмейді. Ол — саналы түрде талаптанудың жемісі.

Ілмектер: сапа, Кездейсоқтық, сана, талап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Құлдық сананың белгісі — параға сатылу.

Ілмектер: құл, құлдық сана, сана, белгі, пара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Сұм тағдыр абақты ғой саналыға.

Ілмектер: тағдыр, абақты, сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Сананың сәрi кезi, алагеуiм кезi, шапақ кезi, шаңқай кезi, бесiн кезi, екiндi кезi, намаздыгер кезi, намазшам кезi, құптан кезi болады.

Ілмектер: сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шерхан Мұртаза

Ғалам — ұлы дененің санасы.

Ілмектер: ғалам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дене, сана Джордано Бруно

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.

Ілмектер: тіл, ұлт, салт, сана Бауыржан Момышұлы

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.

Ілмектер: қадір, қасиет, сана, су, ел, нақыл, афоризм Асан қайғы