Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (124)

Құмарың - бір, ісің - көп болсын.

Ілмектер: құмар, еңбек, іс Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қандай істі болса да, аяғына дейін жеткізіңіз. Сонда ғана еркіндікті сезінесіз.

Ілмектер: іс, еркіндік Стивен Кинг

Зая кеткен әрбір сәт - істелмеген іс, түспей қалған пайда.

Ілмектер: сәт, іс, пайда Филип Честерфилд

Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз.

Ілмектер: іс, бағалау, жүрек, әділ Джон Рескин

Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.

Ілмектер: достық, сөз, іс, дос, пейіл Тоқсары

Мен өзімнің детектив романдарымның сюжеттерін ыдыс-аяқ жуып жатқан кезде табамын. Өйткені ол маған мүлдем ұнамайтын іс. Сол себепті басыма бірден өлім туралы ойлар келеді.

Ілмектер: іс, өлім, ой, роман, детектив, сюжет, ыдыс-аяқ Агата Кристи

Қолынан іс келетін адам жасайды, ал келмейтін адам үйретеді.

Ілмектер: іс, адам Бернард Шоу

Өзіңіздің істеріңізге өзіңіз сүйсініп қарайтындай етіп өмір сүріңіз.

Ілмектер: іс, өмір Ник Вуйчич

Кейбір адамдарға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі.

Ілмектер: іс, қуаныш Ник Вуйчич

Басқалардан көмек сұрауға болатынын әрі керектігін мен ерте үйрендім. Себебі жалғыз өзімнің қолымнан келмейтін істердің бар екеніне көзім жетті.

Ілмектер: көмек, іс Ник Вуйчич

Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.

Ілмектер: адам, туыс, қан, іс, жақсы Тоқсары

Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.

Ілмектер: білу, іс, өсиет Шәкәрім Құдайбердіұлы

Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн.

Ілмектер: іс Саиф Сараи

Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.

Ілмектер: іс, өкініш, соққы, өмір Стивен Кинг

Іс-әрекет етпес бұрын ойлану керек.

Ілмектер: іс, ойлану Сергей Капица

Бас исең шабытқа – абыржу дарытпа.

Ілмектер: шабыт, абыржу, іс, жұмыс Александр Пушкин

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Ілмектер: сараң, парақор, іс, үй Майқы би

Кісінің түсіне емес, ісіне қара.

Ілмектер: іс, еңбек Саиф Сараи

Сабыр етсең - ісің оңға асады,
Шүкір қылсаң - жамандық та қашады.

Ілмектер: сабыр, шүкір, іс, жамандық Жүсіп Баласағұни

Шатысқан істің шешімі - шыдам.

Ілмектер: іс, шешім, шыдам, шыдамдылық Құтып