Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (146) Өлеңдер (18) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (119)

Саясат — нақтылы емес ғылым.

Ілмектер: саясат, ғылым Отто фон Бисмарк

Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын, оны солғұрлым жақсы көресің.

Ілмектер: ғылым Николай Чернышевский

Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.

Ілмектер: қаза тілі, тіл, ғылым Халел Досмұхамедұлы

Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.

Ілмектер: жаңалық, ғылым, жазу, жазушы Әбіш Кекілбаев

...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

Ілмектер: ғылым, білім, ақиқат Абай Құнанбайұлы

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Ілмектер: ой, ақыл, ғылым, қайрат, өнер, дүние Жүсіпбек Аймауытов

Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.

Ілмектер: ғылым, мақтаныш Мұхтар Әуезов

...ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.

Ілмектер: ғылым, мәдениет, дүние Мұхтар Әуезов

Адамның шын мәнісіндегі нағыз артықшылығы ғылымда.

Ілмектер: ғылым, адам Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жарғанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді.

Ілмектер: ғылым, күншілдік Саиф Сараи

Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады.

Ілмектер: білім, ғылым, заман Қаныш Сәтбаев

Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі.

Ілмектер: ғылым Қаныш Сәтбаев

Медицина — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым.

Ілмектер: медицина, ғылым, денсаулық, науқас, кесел, нақыл сөздер Ибн Сина

Ғылым фантазиямен қанаттанса жеңіске жетеді.

Ілмектер: ғылым, фантазия, жеңіс Майкл Фарадей

Шовинизм тарихи ойды ғылыми зерделеуге бөгет жасайды.

Ілмектер: шовинизм, ой, ғылым Олжас Сүлейменов

Ғылымның қандай пайдасы - білместі жолға салмаса.

Ілмектер: ғылым, білім Асан қайғы

Ғылым - Алланың бір сипаты.

Ілмектер: ғылым Абай Құнанбайұлы

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Ілмектер: ғылым, білім, нақыл Олжас Сүлейменов

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Ілмектер: игілік, ғылым, тіл, жазу, афоризм, нақыл Олжас Сүлейменов

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Ілмектер: ғылым, надандық, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов