Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (72) Өлеңдер (170) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (100) Әзіл, анекдоттар (1)

Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!

Ілмектер: қазақ, Мұғалім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.

Ілмектер: су, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазақ, дау, жолдас, сыр, тәуба Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан.

Ілмектер: отын, жантақ, қатын, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,
Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: қазақ, қадір, ер, ағайын, жат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Пытыра қазақ: шүрегей атады, өзбек – жалғыз оқ: бұлан атады.

Ілмектер: қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өзбек Асқар Сүлейменов

Қазақтың болашағы аухаттылардың байлығыменен емес, даналардың барлығыменен есептеледі.

Ілмектер: қазақ, дана, болашақ, байлық төле би

Тұранда Түркі ойнаған ұқсап отқа,
Түркіден басқа от боп жан туған ба?
Көп түркі енші алып тарағанда,
Қазаққа қара шаңырақ қалған жоқпа.

Ілмектер: қазақ, нақыл, афоризм Мағжан Жұмабаев

«Қазақ» сөзі әскери термин ретінде қолданылып, ержүрек, батыл деген мәнді білдіреді.

Ілмектер: қазақ, термин, әскер, ержүрек, батыл Шоқан Уәлиханов

Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

Ілмектер: мал, қолөнер, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алдау, адал, қазақ Абай Құнанбайұлы

«Арыстанның апанына түнеп шыққан ешкіден қорық» дейді қазақ тағы. Бұдан шығар тәлім — үлкен үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жігіттерден сескен деп мегзеу ғой, тегі?

Ілмектер: арыстан, ешкі, жігіт, қазақ, тәлім, үй, күл, сескену, мегзеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлібек Асқаров

Не тапты қазақ Құлагердi ұрып жыққаннан.

Ілмектер: қазақ, құлагер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбділдә Тәжібаев

Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп,
Қазағым ендi жату жарамас-ты.

Ілмектер: оян, қазақ, дін, қараңғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы

Қазақ елi жалқау ел. Заманнан кейiн қалған ел. Бiрақ сен жалқау екенсiң деп жүрiп бара жатқан заман тоқтап тұрмайды.

Ілмектер: қазақ, жалқау, заман, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сәкен Сейфуллин

Қазақтың бақыты шапандардың санымен өлшенеді.

Ілмектер: қазақ, бақыт, шапан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дидар Амантай

Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.

Ілмектер: ел, қазақ, бостандық, халық Ғабит Мүсірепов

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!

Ілмектер: қазақ, күн, көк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қазақ үшін сайтанмен сөйлесуге де бармын!

Ілмектер: қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оспан батыр

Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.

Ілмектер: хан, Қазақ Әлихан Бөкейханов

Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!

Ілмектер: қазақ, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

Ілмектер: қазақ, ел, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов