Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (8) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (27)

Қарабет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық.

Ілмектер: қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.

Ілмектер: қару, қайрат, өмір, жел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Мен біздің қазақ халқын — Ұлы халық деймін. Ұлылық адам санының көптігі үшін берілмесе керек. Оның қажыр-қайратына, төзімділігіне, ілім-біліміне тән болуға тиіс. Қазақ қазақ болғалы қаншалық қанқұйлы соғысты, қуғын-сүргінді, ашаршылықты басынан кешірді. Өспесе өшкен жоқ. Сүрінсе де жығылған жоқ. Талай-талай зілмауыр табандарда тапталса да, өлдім деген жоқ.

Ілмектер: халық, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайрат, төзімділік, соғыс, ашаршылық Ханбибі Есенқарақызы

Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

Ілмектер: адам, ақыл, жүрек, жігер, қайрат, азу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Қайратсыз, қорқақ кісі — мақтаншақ келеді.

Ілмектер: қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мақтаншақ, қорқақ Абай Құнанбайұлы

Сыртқы бет-бейнеме неғұрлым көбірек көңіл бөлінген сайын, ішкі қайрат-жігерім солғұрлым көп мүжіле түсті.

Ілмектер: сырт, бейне, көңіл, қайрат, жігер Роберт Вальзер

Қайғырған ақыл — қайратының кемдігін көреді.

Ілмектер: қайғы, ақыл, қайрат Жорж Батай