Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (20) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (31)

Тоқсан бес деген торы екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарайын десең –
Екі жағың ор екен,
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен –
Келмейтұғын неме екен!

Ілмектер: қарттық, қариялық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Тоқсан бес, жас Бұқар жырау

Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.

Ілмектер: қарттық, сыйлау, құрмет Бұқар жырау

Қартайғандағы ең зор бақыт — өзінің бүкіл жастық жігерін ұлы іске арнағанын еске алу.

Ілмектер: қарттық, бақыт, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, жігер, ұлы іс, еске алу Артур Шопенгауэр

Әлемді жастар билейді — қартайғанда.

Ілмектер: әлем, билік, қарттық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Жас қартаяды, жоқ туады, туған өледі.

Ілмектер: жас, қарттық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Қарт адам — ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты.

Ілмектер: қарт, қарттық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жолаушы Бауыржан Момышұлы

Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, қарттық Жамбыл Жабаев

Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.

Ілмектер: жас, қарттық, өмір Жүсіп Баласағұни

Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз амалы.

Ілмектер: қарттық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Өмірдің қаншалықты қысқа екенін сезіну үшін ұзақ өмір сүріп, қартаю қажет екен.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қысқа, қарттық Артур Шопенгауэр

Жасы ұлғайған қарияның қарттығынан басқа өмір сүргендігі туралы дәлелі болмаса, одан өткен масқаралық жоқ.

Ілмектер: қария, өмір, масқара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмңр, қарттық Сенека