Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (83) Өлеңдер (167) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (45) Әзіл, анекдоттар (6)

Ұлың менен қызың — жарқыраған екі көзің.

Ілмектер: ұл, қыз Жүсіп Баласағұни

Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.

Ілмектер: қазақ, қыз, су, шай, ене, жұмыс Ғабит Мүсірепов

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Ілмектер: тәрбие, ұл, қыз, ата, ана, өнеге Қорқыт ата

Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.

Ілмектер: ата, ана, қыз, ұл, ер жету, бойжеткен, сөз, сөйлеу Сырым Датұлы

Қыздың қатаңдығы мен талап қойғыштығы бар жерде жігіт нағыз еркек боп шығады.

Ілмектер: талап, қыз, қатаңдық Василий Сухомлинский

Жер жұмағы – ен дала, ел сұлуы – қыз бала.

Ілмектер: жер, жұмақ, қыз Бернияз Күлеев

Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.

Ілмектер: қыз, әйел, сипат, афоризм, нақыл Шәңгерей Бөкеев

Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен кыздың белгісі.

Ілмектер: сөз, мінез, нақыл, қыз, ұл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, ұлт, нақыл, афоризм Мұхтар Әуезов

Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні – махаббат.

Ілмектер: қыз, арман, ержүрек, адал, жігіт, махаббат Александр Куприн

Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.

Ілмектер: қыз, дәулет, тіл, нақыл сөздер Бұқар жырау

Ұл өсіріп, қыз асырап отырмыз.

Ілмектер: ұл, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атадан өнеге алмаған ұл жаман.

Ілмектер: ана, ата, қыз, ұл, жаман Қорқыт ата

Неке — гүлге қол соза берген қыз бен жігіттің басына түскен көшкін.

Ілмектер: неке, гүл, қыз, жігіт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.

Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, үлгі, ата, ана, ас, ақыл Қорқыт ата

Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: заман, мінез, мінез-құлық, қыз, адам, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарлықап ас бермес - әке үлгісін көрмесе

Ілмектер: қыз, ұл, үлгі, ана, әке Қорқыт ата

Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді.

Ілмектер: өмір, жанұя, жігіт, үйлену, әйел, қыз, күйеу, мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әзілхан Нұршайықов

Қыз алған қандай? - «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қаңдай? - «Өзім білемін» дер. Жесір алған қандай? — «Балам біледі» дер.

Ілмектер: қыз, жеңге, жесір, өмір Жиренше шешен

Үміт — сылаң қаққан сұлу қыз.

Ілмектер: үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қыз Генрих Гейне