Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (63) Өлеңдер (51) Мақал-мәтелдер (106) Ұлағатты сөздер (132) Әзіл, анекдоттар (7)

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Ілмектер: ырыс, әйел, ұл, қыз, келін, қызғаныш, сын Ескелді би Жылгелдіұлы

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Ілмектер: адам, ақша, атақ, арақ, әйел Бауыржан Момышұлы

Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.

Ілмектер: ер, әйел, бала, пессимист, ұйқы Наполеон Бонапарт

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.

Ілмектер: әйел, ақыл Базар Оңдасұлы

Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.

Ілмектер: әйел, ер, бақ Жамбыл Жабаев

Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің.

Ілмектер: әйел, сұлу, ақыл Пьер де Бомарше

Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.

Ілмектер: әйел, ажар Ғабит Мүсірепов

Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет.

Ілмектер: әйел, еркек, қасірет, қасиет, қырық Ғабит Мүсірепов

Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруға тырысады...

Ілмектер: қазақ, әйел Ғабит Мүсірепов

Біз әйелді әйел сыңайынан таныған елміз.

Ілмектер: әйел Ғабит Мүсірепов

Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді

Ілмектер: әйел, еркелік Ғабит Мүсірепов

Шын сүйе білетін барлық әйел – патшайым.

Ілмектер: әйел, патшайым, сүю Александр Куприн

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ілмектер: әйел, сұлу, жау Ғабит Мүсірепов

Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ілмектер: әйел, қазақ, жан жолдас, арман, егіз, адам Ғабит Мүсірепов

Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.

Ілмектер: саясат, әйел, ой, зерек Ғабит Мүсірепов

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ілмектер: әйел, ағайын, туыс Шал Құлекеұлы

Әйел адамдар ешқашан құпия ұстауды білмейді. Бірақ олар жүрегінде сақтаған затты өлсе де айтпайды.

Ілмектер: әйел, құпия, жүрек Стивен Кинг

Ер жігіт – ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.

Ілмектер: ер, жігіт, пана, әйел, әйел, жұрт, бала, жақсы Сүйінбай Аронұлы

Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке.

Ілмектер: жаман, әйел, есек, өмір, арман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Әйел адам әрдайым жолдасының жанында жүру керек. Егер болмаса, онда ол оны ұмытуға хақысы бар.

Ілмектер: әйел, ұмыту Агата Кристи