Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (87) Өлеңдер (457) Жоспарлар (7) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (32)

Образдылық әлем поэзиясына тон қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады.

Ілмектер: өлең, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым – тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ.

Ілмектер: поэзия, сезім, ғылым, ақыл, өлең, нақыл, зерде Олжас Сүлейменов

Өлең — сөздің данасы, шындықтың анасы.

Ілмектер: өлең, шындық, сөз, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өзі үшін өлең жазатындар баршылық, ал өзі үшін ғана проза жазу мүмкін емес. Бұл абсурд, өтірік.

Ілмектер: бсурд, өтірік, өлең, проза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлібек Асқаров

Өлең жазған кісінің бәрі ақын емес екені дәлелденген шындық. Шын ақынды жасайтын да өмір, содан алған әсер, тәжірибе болса керек. «Мен ақын болайын деп пе едім, өмір ғой мені ақын еткен» депті бір мықты.

Ілмектер: өлең, ақын, шындық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жұмекен Нәжімеденов

Ақындық, өлең дегеннің өзі — сондай пәкиза, таза дүние. Оған ақша араласса құриды.

Ілмектер: Ақындық, өлең, дүние, таза, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Есенғали Раушанов

Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең - аяқталуы, ал сүйікті әйелің - бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.

Ілмектер: гүл, бақыт, әйел, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям

Ақын адамдардың шаттығы — өлеңі.

Ілмектер: ақын, адам, шаттық, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Өлең көңіл-күйден туады. Көңіл-күйің шарықтап, не төмендеген кезде, дәл сондай жыр келеді дүниеге. Жақсы өлең жазсам — жадыраймын.

Ілмектер: Өлең, көңіл-күй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Теңіздегі лағыл, маржан — өлең де,
Таба алмайды сүңгімеген тереңге.

Ілмектер: теңіз, маржан, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Енді ақынға біраз назар салайық,
Өлең сөзді құдірет тұтқан халайқ!

Ілмектер: ақын, өлең, құдірет, назар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни