Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (106) Әзіл, анекдоттар (1)

Өзіңнің және өзгенің оқуына арнап кітаптар таңдау тек ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де.

Ілмектер: ғылым, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кітап Николай Рубакин

Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

Ілмектер: бала, тәрбие, ғылым, өнер Мағжан Жұмабаев

Әкенің баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйретуі парыз.

Ілмектер: әке, бала, ғылым, адамгершілік, өнер Мұхаммед Бағдади

Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.

Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов

Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

Ілмектер: мал, қолөнер, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алдау, адал, қазақ Абай Құнанбайұлы

Өнер — жанның табан ет, маңдай термен сығып алған шырыны.

Ілмектер: өнер, маңдай тер, жан, шырын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Ең ұлы өнер — барша мақұлықтың жаратылысы, тән мен жан, әсіресе, жан.

Ілмектер: өнер, жаратылыс, мақұлық, тән, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Өнердің кереметтігі — ештеңені ашып айтпасаң да, бәрін астарлап жеткізуде.

Ілмектер: Өнер, керемет, астарлап айту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Ақиық өнерменен түлкi алғанда,
Соңынан шықылықтар сауысқандар.

Ілмектер: өнер, түлкі, сауысқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Оқу, білім — жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең — қалмасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жегер сал,
Пайда аларсың, қаужанарасың, тоймасаң.

Ілмектер: оқу, білім, өнер Жүсіпбек Аймауытов

Өнер мен сауда-саттыққа кедергі болма.

Ілмектер: өнер, сауда, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды.

Ілмектер: әдебиет, өнер, ұлт Ғабит Мүсірепов

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.

Ілмектер: әсемпаз, өнер, қайрат, ақыл, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Өнерден жақсы, білімнен үлкен, ұяттан сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ.

Ілмектер: Өнер, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұят, сұлу, дұшпан Сократ

Адамға құлшылық ететін адамдар бар. Көптеген адамдардың тіпті әркімнің десе де болады табынушылары, құлшылық етушілері (гик, фанат) бар. Олар көбінесе бай кәсіпкерлер, спорт немесе өнер жұлдыздары, өздерін солардың жанкүйері яғни құлы екенін ашық мойындайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, құлшылық, адам, табынушы, фанатизм, байлық, өнер, жұлдыз, Әнші, Жанкүйер, құл Нарша Булгакбаев

Өнер саясаттан тыс болуы керек. Егер өнер саясатпен айналысса, бұл енді өнер емес.

Ілмектер: өнер, саясат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бибігүл Төлегенова

Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем. Өнер – өлшем болғанда, өлшем – үнем. Ал үнем – тірліктің күре тіні.

Ілмектер: өмір, өнер Асқар Сүлейменов

Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.

Ілмектер: ұлы, халық, тарих, іс, сөз, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Өнер — ұзақ, Өмір — қысқа.
Латыннан: Ars longa, vita brevis [Арс лонга, вита брэвис].

Ілмектер: өнер, ұзақ, Өмір, қысқа, уақыт Гиппократ

Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім.

Ілмектер: күлкі, өнер, Өмір Сейіт Кенжеахметұлы