Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (22) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (58)

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.

Ілмектер: өтірік, сыпайылық, сыр, тәрбиелі Антон Чехов

Өтірік – барып тұрған зиянды у

Ілмектер: өтірік Бауыржан Момышұлы

Өтірік сөз спринтте, шындық марафонда жүгіреді.

Ілмектер: өтірік, сөз Майкл Джексон

Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ.

Ілмектер: адам, өтірік, шындық, қорқу, бақытсыздық Блез Паскаль

Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.

Ілмектер: өмір, өтірік, статистика Марк Твен

Өтірік сөз - өрге баспайды

Ілмектер: өтірік, сөз Қорқыт ата

Қиқым-сиқым шындықтан артықтау өтірік марапат.

Ілмектер: өтірік, шындық Александр Пушкин

Қорқақтық пен әлсіздіктен туындайтын өтіріктерден қатты ұялам.

Ілмектер: қорқақтық, әлсіздік, өтірік, ұят Александр Куприн

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.

Ілмектер: жалқаулық, мінез, ашу, мақтаншақтық, көрсеқызар, арам, өтірік, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Билік айтсаң - түзу кес, адалын айт.
Тиянақ көрме жалғанды.

Ілмектер: билік, адал, өтірік, шындық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.

Ілмектер: жалған, соғыс, бақытсыздық, өтірік Бауыржан Момышұлы

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.

Ілмектер: жалған, өтірік, талант, ақыл, ой Виссарион Белинский

Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.

Ілмектер: Әке-шеше, өтірік, бала, жүрек Ғабит Мүсірепов

Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді.

Ілмектер: рух, дүние, өтірік, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік.

Ілмектер: өтірік, нақыл, шындық, афоризм Жиренше шешен

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Ілмектер: өтірік, шындық Бауыржан Момышұлы

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.

Ілмектер: өтірік, кешірім, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Өтірікші шындығына келгенде өзін-өзі алдайды.

Ілмектер: өтірік, алдау, нақыл, афоризм Махатма Ганди

Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.

Ілмектер: өтірік, адам, нақыл, афоризм Цицерон

Өтірік айтуға үйір болу - нашақорлық секілді. Адамның түбіне сол өзінің өтірігі жетеді.

Ілмектер: өтірік, нашақорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов