Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (2) Әзіл, анекдоттар (1)

Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар, күнәлар мен қателіктер не үшін болады? Өйткені біз оларды надандық пен білместіктің салдарынан өз еркімізбен сұрап не тілеп аламыз. Ешкім күнәға әдейі бармайды, ол тек шарасыздық пен ішкі күйзелістен. Кейде мұны түсіну өте қиын болуы мүмкін, бірақ бұл рас. Дұға-тілек, терең ішкі қалау – бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оның жүзеге асырылуын тездетеді. Сондықтан бар бәле де бақ та ниет пен қалаудан басталады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қиындық, күнә, қателік, сұрау, түсінбеушілік, Дұға, тілек, қалау, күш, ниет, бәле, Бақ Нарша Булгакбаев

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев