Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (38) Өлеңдер (72) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (39)

Табиғат қарапайым және ол артық себептермен құлпырмайды.

Ілмектер: қарапайым, табиғат Исаак Ньютон

Көру мен түсіну қуанышы — табиғаттың ең тамаша сыйы

Ілмектер: табиғат, көру, қуаныш Альберт Эйнштейн

Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.

Ілмектер: қанағат, табиғат Мұхтар Әуезов

Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған.

Ілмектер: тәуелсіз, табиғат, адам Люк де Копье Вовенарг

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.

Ілмектер: табиғат Шоқан Уәлиханов

Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі.

Ілмектер: денсаулық, табиғат Томас Карлайл

Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Бірақ үстемдік құратын даналық оған туа бітпеген: ол ондай даналыққа білім арқылы жетеді.

Ілмектер: адам, табиғат, даналық, білім Николай Лобачевский

Заң – ойдан шығарылған сандырақ. Заңды адамдар жасады. Ал табиғат атом мен кеңістікті жаратты.

Ілмектер: заң, табиғат, атом, кеңістік Демокрит

Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.

Ілмектер: тау, қыран, табиғат, нақыл сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Табиғатты танудың ең сенімді құралы – бақылау мен тәжірибе.

Ілмектер: табиғат, бақылау, тәжірибе Галилео Галилей

Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.

Ілмектер: талант, табиғат, талап, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.

Ілмектер: тау, табиғат, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.

Ілмектер: табиғат, міндет, қорғау, жер, су, ауа, ағаш, қазына, нақыл, афоризм Ыбырай Жақаев

Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.

Ілмектер: табиғат, ауыз, сөз, нақыл, афоризм Сократ

Балаларым болса екен деу — табиғи нәрсе...бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.

Ілмектер: адам, бала, табиғат, нақыл, афоризм Цицерон

Табиғаттағы барша кітапты басынан аяғына дейін ешкімнің де түгел оқуы мүмкін емес. Болмыстың мақсаты: оны мүмкіндігінше ұзағырақ ұмытпау.

Ілмектер: табиғат, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Циолковский

Табиғат жасырынбақ ойнауға құштар.

Ілмектер: табиғат, құштарлық, жасырынбақ, ойын Гераклит

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Ілмектер: табиғат, адам, өлу Абай Құнанбайұлы

Өмір (дүние) атты ойында "Өмір (Жаратушы) заңдылықтарын" білмеу ақымақтық пен надандықтан. Ақиқат нағыз бостандық береді, еркіндік сыйлайды, сондықтан Жаратушының жаратқан барлық табиғат (дүниелік) ж/е ғайып (ақырет) заңдылықтарына бағыну керекпіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, дүние, ойын, жаратушы, заңдылық, білім, ақымақ, надан, ақиқат, бостандық, еркіндік, табиғат, құран, ақырет Нарша Булгакбаев

Егер тән ауырса көңілдің күрт түсуі — табиғи құбылыс. Сондықтан алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.

Ілмектер: тән, ауру, табиғат, саз, әуен, көңіл, сауығу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби