Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Ұлағатты сөздер (7)

Әркiмдi мұқият тыңда және ең алдымен естiгенiңдi жақсылап ой елегiнен өткiзiп ал, әркiмдi тыңдап болғаннан соң, ең тәжiрибелiлерге сен.

Ілмектер: тәжiрибе, тыңдау, нақыл, афоризм, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Леон Баттиста Альберти

Ақиқат — тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе.

Ілмектер: Ақиқат, тәжiрибе, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Кез келген алды-артын ойлағыштық неден күйрейдi? Адамның топастығынан… Әлемдегi бiрiншi семсерлеушi (фехтовальщик) әлемдегi екiншi семсерлеушiден қорықпаса да болады — ол қолына ешқашан семсер ұстамаған наданнан қорқуы тиiс: надан iстеуге тиiс емес нәрсенi iстейтiндiктен, тәжiрибелi семсерлеушi жеңiлiс табады.

Ілмектер: күйреу, топастық, әлем, надан, қорқу, тәжiрибе, жеңіліс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен

Тәжiрибе дегенiмiз әркiмнiң өз қателiктерiне беретiн атауы.

Ілмектер: Тәжiрибе, қателiк, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд

Дана адамдардың iсiне ақыл, ортан қол кiсiлердiң iсiне тәжiрибе, надандардыкiне — қажеттiлiк, жануарлардыкiне — табиғат түрткi болады.

Ілмектер: дана, ақыл, тәжiрибе, надан, қажеттiлiк, жануар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Тәжiрибе жинау жеткiлiксiз, одан мүмкiндiгiнше дәлелдер мен қорытындылар шығару үшiн оны таразылап, талқылау және екшеп, қорыту керек.

Ілмектер: Тәжiрибе, дәлел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi.

Ілмектер: ғылым, өнер, ғасыр, өмір, тәжiрибе, күш, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виссарион Белинский