Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (1)

Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.

Ілмектер: басшы, арыстан, қой Бауыржан Момышұлы

Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шақса да, уыты аса зиянды.

Ілмектер: арыстан, қарақұрт Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық.

Ілмектер: арыстан, есек, адам, пайдасыздық, керексіздік Саиф Сараи

Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.

Ілмектер: қоян, арыстан, іс, аң Құтып

Мен кейде түлкі, кейде арыстан кейпінде боламын. Маңыздысы қай кезде қай кейіпке ене білуде.

Ілмектер: түлкі, арыстан Наполеон Бонапарт

Түрік халқы — батыр халық. Түрік халқы — арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшманға ауызының аласы.

Ілмектер: түрік халқы, халық, арыстан, ер, таяқ жеу, дұшпан, ауыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұстафа Шоқай

«Арыстанның апанына түнеп шыққан ешкіден қорық» дейді қазақ тағы. Бұдан шығар тәлім — үлкен үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жігіттерден сескен деп мегзеу ғой, тегі?

Ілмектер: арыстан, ешкі, жігіт, қазақ, тәлім, үй, күл, сескену, мегзеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлібек Асқаров

Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.

Ілмектер: ақыл, арыстан, күш, тышқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махмұд Қашқари