Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (5)

Астың тұздығы — аштық.

Ілмектер: ас, тұз, аштық Сократ

Аштық — үрейлi нәрсе, соқыр немесе керең болу жаман, бiрақ жалғыздық одан да ауыр.

Ілмектер: Аштық, үрей, соқыр, керең, жалғыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов

Мөлшерден тыс тоқтық та,аштық та және басқа да ауытқушылықтың бәрі де денсаулыққа қолайсыз.

Ілмектер: денсаулық, тоқтық, аштық Гиппократ

Әр адамды сiзбен, сiздiң проблемаларыңыздан гөрi өз қажеттерi мен проблемалары көбiрек қызықтыратынын ұмытпаңыз. Ол үшiн тiсiнiң сырқырауы миллиондар зардап шегетiн аштық пен табиғи апатқа қарағанда маңыздырақ. …Бiреумен әңгiмеге кiрiскенде осы жай қаперiңiзде болсын.

Ілмектер: проблема, қызықтыру, қажеттілік, тіс, зардап, аштық, қапер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Оразадан тән қиналса да, жан қиналмаған. Адам жаны тоқшылық заманнан қиналған. Себебі тоқшылық — ізгілікке де, зұлымдыққа да қуат берген. Рамазан айында зұлымдық өз қуатынан айырылады. Шайтан кісенделеді дейтіні сол себепті. Шын тыйылған (ас-саум) адамға уасуас әсер етпейді.

Ілмектер: Ораза, тән, жан, нәпсі, тоқшылық, заман, ізгілік, зұлымдық, қуат, Рамазан, шайтан, аштық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев