Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (16)

Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер.

Ілмектер: керуен, торғай, жүріс, түн, аң Қорқыт ата

Көк шүйгінін киік білер.

Ілмектер: көк, шөп, киік, аң Қорқыт ата

Талай бөрінің түбіне түлкі жеткен.

Ілмектер: бөрі, аң, түлкі Құтып

Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.

Ілмектер: қоян, арыстан, іс, аң Құтып

Кірпіге қулық жараспайды.

Ілмектер: қулық, аң, кірпі Құтып

Шаян ініне тышқан сыймас.

Ілмектер: шаян, тышқан, аң Құтып

Көгершін үйренген жеріне қонады.

Ілмектер: көгершін, аң, құс, жер Құтып

Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.

Ілмектер: лашын, қарға, құс, аң Құтып

Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі.

Ілмектер: адам, аң, құс, өріс Қадыр Мырза Әли

Атып әкелген аң сыйлыққа жарамайды.

Ілмектер: аң, сыйлық, нақыл, афоризм Құтып

Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек.

Ілмектер: сәби, бала, таза, пәк, аң, жыртқыш, көңіл-күй, аялау, таптау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ойыншық Антон Чехов

Саз орайын бөкен білер.

Ілмектер: саз, аң Қорқыт ата

Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.

Ілмектер: уәзір, хан, қақпан, сыр, аң Майқы би

Өлген аңға емес, өлтiруiң керек аңға қара.

Ілмектер: аң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір

Ащы тілді адам жабайы аңдар ішіндегі ең қанқұйлысы, ал жағымпаз — үй аңдарының ішіндегі ең қауіптісі.

Ілмектер: тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жағымпаз, аң Диоген

Жабайы аңдар жігітті бұзады, әулие-әнбие иманды бұзады.

Ілмектер: жабайы, аң, жігіт, әулие, иман, туралы Нарша Булгакбаев