Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (69) Өлеңдер (58) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (33)

Батыр — ол адамзат қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам.

Ілмектер: батыр, қоғам, мүдде, адам Юлиус Фучик

Батырлық, сергектік, ерлік әр жерде-ақ, әр жағдайда-ақ қажет болса да, олар өнерден туындап жатпаса да зая кетпек.

Ілмектер: батыр, ерлік, өнер Александр Суворов

Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.

Ілмектер: батыр, шындық, ерлік, адамгершілік Виссарион Белинский

Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің бағы жанады.

Ілмектер: батыр, ел, бақ, отан, туған жер Тоныкөк

Қағансыз ел - кіріптар.
Біріккен батыр жау алар.

Ілмектер: батыр, жау, ерлік Тоныкөк

Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен

Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық.

Ілмектер: ер, батыр, ой Құтып

Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.

Ілмектер: өлім, мал, батыр, жан Шортанбай Қанайұлы

Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық!

Ілмектер: батыр, ақын Қадыр Мырза Әли

Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

Ілмектер: батыр, мінез, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Қағаны батыр, ақылгөйі кемеңгер елдің бағы жанады.

Ілмектер: батыр, ақыл, нақыл, афоризм, ел Тоныкөк

Жігіттің көз тоқтаттық қандайына:
Шешеннің тәңір берген таңдайына.
Батырдың қайрат берген жүрегіне,
Малдының ырыс берген маңдайына

Ілмектер: ырыс, жігіт, батыр, қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар.

Ілмектер: шешен, батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Өжеттіліктен не пайда,
Ерлігі мен ақылы
Көпті батыр етпесе.

Ілмектер: Өжеттілік, ерлік, ақыл, батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.

Ілмектер: батыр, ұрпақ, арман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Ілмектер: батыр, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Ілмектер: батыр, қорқақ, батпақ, бөгет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Батыр — батыр емес, батырларды бастаған батыр.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қаһарман — өмірін өзінен де құнды болған нәрсеге арнаған адам.

Ілмектер: қаһарман, hero, адам, батыр, ер, Өмір, мән Джозеф Кэмпбелл