Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (9)

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.

Ілмектер: тартыс, бейнет, табыс Мұхтар Әуезов

Кім көпті біліп, көңіліне түйсе дәулеті артар, игілік оған жар болар, бейнеттен кетіп, зейнетке жетер.

Ілмектер: байлық, бейнет, зейнет Қадырғали Жалайыр

Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.

Ілмектер: өсиет, тәлім-тәрбие, бейнет, дүние, өмір Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ.

Ілмектер: бейнет, зейнет, еңбек Саиф Сараи

Біздің заманда бейқам кісі ғана түрін жасқа бермейді. Күрес, бейнет, ой күйігі, ашу-ыза адамдардың бетіне қашан да із түсіреді.

Ілмектер: заман, адам, түр, күрес, бейнет, ашу, ыза, із Бауыржан Момышұлы

Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

Ілмектер: бақ, ұл, қонақ, бозбала, бейнет Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.

Ілмектер: құмарлық, ашу, бейнет, алдау, мұң, құштарлық, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Рақат іздесең — бейнетінен қорықпа,
Қуаныш іздесең — қайғысынан қашпа.

Ілмектер: Қуаныш, Рақат, бейнет, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен.

Ілмектер: өсиет, тәлім, дүние, бейнет, қайғы Шәкәрім Құдайбердіұлы