Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (4)

Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім.

Ілмектер: сурет салу, тау, бұлақ, ана, ою, үйрену Әбілхан Қастеев

Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын уысында ұстайды. Сол сияқты, жоғары тұрғысы келген данышпан өзiн төменге қояды.

Ілмектер: данышпан, бұлақ, су, төмен, жоғары, өзен, көл, анықл, афоризм, қанатты сөздер, тау Лао-цзы

Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ...

Ілмектер: дүние, бұлақ, шырақ Әйтеке би

Ең ірі өзендер де шағын бұлақтардан басталады.

Ілмектер: өзен, бұлақ Пьер Тейяр де Шарден