Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (42) Өлеңдер (6) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (10)

Тәуелсiздiгiн жаңадан алған елдердiң көптеген ғасырлық тарихы бар немесе тәуелсiздiгiн елу жыл бұрын алғандарға қарағанда өзiнiң саяси инфрақұрылымында, саяси дәстүрi мен мәдениетiнде төзiмдiлiк сапасы төмендеу екенiн естен шығармаған жөн.

Ілмектер: тәуелсіздік, тарих, дәстүр, мәдениет Нұрсұлтан Назарбаев

Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Ілмектер: ұрлық, опасыздық, дәстүр Бауыржан Момышұлы

Дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар.

Ілмектер: дәстүр Әбіш Кекілбаев

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.

Ілмектер: дәстүр, ата-ана, сыйлау, нақыл Ғабиден Мұстафин

Жаңа тәсіл ескіні жоймайды, байытады, баптайды. Кешегі жазушылық дәстүріне жаңа жазу мәнері қосылады. Үйренеді не жиренеді.

Ілмектер: тәсіл, ескі, жазушы, дәстүр, мәнер, үйрену, нақыл, афоризм Дидар Амантай

Халықтың ізгі дәстүрі — біздің ең асыл мұрамыз.

Ілмектер: халық, дәстүр, мұра, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал».

Ілмектер: қоғам, болашақ, дәстүр, ұрпақ, мектеп, мақсат, нақыл, афоризм Джон Дьюи

Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.

Ілмектер: жауынгер, дәстүр, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Дәмді, дәстүрді сыйламай өскен балалардың қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр.

Ілмектер: дәстүр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қылыш Бауыржан Момышұлы

Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.

Ілмектер: әдебиет, дәстүр, тіл, талас Жак Деррида