Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (1)

Бұл әлем жұмыс істемей ақша тапқысы келетін жалқаулар мен жұмыс істеп бірақ бай болғысы келмейтін ақымақтардан тұрады.

Ілмектер: жалқау, ақша, баю Бернард Шоу

Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап.

Ілмектер: Жаман, жолдас, жалқау Жамбыл Жабаев

Әлем жұмыс істеуге қауқары жоқ, бірақ бай болғысы келетін жалқаулардан тұрады

Ілмектер: жұмыс, бай, жалқау Бернард Шоу

Еріншекке есік те асу көрінер.
Жалқауға бұлт та жүк көрінер.

Ілмектер: еріншек, жалқау Махмұд Қашқари

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Ілмектер: өсиет, асыл, бала, жалқау, мылжың, қыдырман Майқы би

Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.

Ілмектер: дауыл, жауын, жалқау Майқы би

Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаласын.

Ілмектер: жалқау, сылтау, нақыл афоризм Қайып Айнабекұлы

Жалқауға – сөз, жаманға – таяқ өтпес.

Ілмектер: жалқау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таяқ Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет — табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

Ілмектер: ұмтылыс, табандылық, талант, данышпан, жоғары білім, білім, жалқау, құдірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Крок

Қазақ елi жалқау ел. Заманнан кейiн қалған ел. Бiрақ сен жалқау екенсiң деп жүрiп бара жатқан заман тоқтап тұрмайды.

Ілмектер: қазақ, жалқау, заман, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сәкен Сейфуллин

Оқымысты — уақытты жұмыспен өлтіретін жалқау.

Ілмектер: уақыт, жалқау, оқымысты, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.

Ілмектер: жалқау, тілазар, мылжың Майқы би

Күту жалқаулардың сылтауы, жалқаулықтың жасырынбақ ойнауы.

Ілмектер: күту, жалқау, жалқаулық, жасырынбақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр