Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (16)

Мен адамдардығы әзіл-қалжыңды бағалаймын, себебі бұл біздің барлық әділетсіздік пен оңбағандыққа қарсы жалғыз қаруымыз.

Ілмектер: адамдар, әзіл-қалжың, әділетсіздік, қару, жауап Пьер Ришар

Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.

Ілмектер: еңбек, адам, сұрақ, жауап Шыңғыс Айтматов

Кей кезде қойған сұрағыңызға бірден жауап ала алмайтыныңызды түсінуіңіз керек.

Ілмектер: сұрақ, жауап Ник Вуйчич

Сауалы бұйрық тектіге – солқылдақ жауап жүрмеген.

Ілмектер: сауал, бұйрық, жауап Асқар Сүлейменов

Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.

Ілмектер: ақыл, ақылды, жауап Саиф Сараи

Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.

Ілмектер: жауап, үнсіздік, алтын Мұхаммед Әли

Мың қарғаға — бір кесек.

Ілмектер: қарға, жауап Қашаған Күржіманұлы

Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.

Ілмектер: жауап, сөйлеу, сөз, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.

Ілмектер: жауап, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Ханға жауап айтпасам — ханның көңілі қайтады,
Қандыра жауап айтпасам — халқым не деп айтады.

Ілмектер: хан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жауап Бұқар жырау

Сіз қарсыласыңыздың ойымен мүлдем келіспей тұрсаңыз да, әрқашан жауабыңызды болымды түрде бастаңыз.

Ілмектер: ой, жауап, қарсылас Стив Джобс

Қашан да балаға құлақ салып, сұрақтарына жауап беріңіз.

Ілмектер: бала, сұрақ, жауап, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Менен «Не үшін күресіп жатырмыз?» деп жиі сұрайды. Менің жауабым: «Күресіп болғаннан кейін білесіңдер».

Ілмектер: күрес, сұрақ, жауап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Осы күні көптеген ірі баспасөз құралдары бір ғана сұраққа жиі жауап іздеуге тырысады: «Бүгін жер бетінде қандай жаман жағдай орын алды?». «Қандай жақсылық болды?» — деген сұрақ бірінші орында емес. Өкінішті…

Ілмектер: баспасөз, сұрақ, жауап, жер, жаман, жағдай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өкініш Илон Маск

Ақымақ та жауап күтеді.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, жауап, афоризм, қанатты сөздер Яков Княжнин

Жануар өмір сүріп жатқанын біліп өмір сүреді. Адам өз өміріне таң қалады да, соған орай сұрақтар қояды: бірақ оларға оның берер жауабы жоқ. Ол өзінің жауабының дұрыстығына сенуі ғана мүмкін: бұл ретте Аристотель мен ең жабайы адамның арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе де болады.

Ілмектер: жануар, адам, өмір, жауап, сұрақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер