Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Ұлағатты сөздер (8)

Ғалымның қатесі кеме капитанының қатесіне ұқсайды. Кеме батса онымен бірге қаншама адам да батады.

Ілмектер: ғалым, қате, адам, Қоғам, жауапкершілік Мауәрди

Егер нәтиже қажет болса — оған өзіңіз талпынып, қол жеткізіңіз. Өз өміріңізге жауапкершілікті алу — діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді.

Ілмектер: жауапкершілік, мақсат, нәтиже Стив Павлина

Істегісі келетін адам — мүмкіндік, ал істегісі келмейтін — сылтау іздейді.

Ілмектер: мүмкіндік, сылтау, іс, жауапкершілік Сергей Павлович Королёв

Әр адам өз өмірінің авторы. Не себесін, соның жемісін көресің. Маған анық бір нәрсе: жауапкершілік.

Ілмектер: жауапкершілік, автор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Дауни

Бақыт, тыныштық және керемет денсаулық. Мұның бәрі сіздің өткеніңіз, бүгініңіз және болашағыңыз үшін жауапкершілік алудан қашпаудан басталады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, тыныштық, денсаулық, өткен, бүгін, болашақ, жауапкершілік Нарша Булгакбаев

Рингке шыққанда менің жерлестерім мен үшін, өзім үшін, біздің халқымыз үшін мақтаныш сезінеді. Сонымен қатар, мұндай сәттерде мен олардың алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Өзімнің халқымның көңілін қалдырғым келмейді.

Ілмектер: мақтаныш, халық, жауапкершілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл Геннадий Головкин

Шебер де тәжірибелі адам ғана өзінің ішкі қорқынышын сақтыққа айналдыра алады. Әрқашан болашақ қиындықтарға анық және нақты дайын болыңыз. Мұқият, баяу ойланып, кез келген нәрсеге дайын болуды үйреніңіз, өйткені сіздің әрекеттеріңізге өзіңізден басқа ешкім жауапты емес.

Ілмектер: шебер, тәжірибе, адам, қорқыныш, сақтық, болашақ, қиындық, әрекет, жауапкершілік Narsha Bulgakbaev

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, ал заңды білген адам көп жағдайда жауапқа тартылады.

Ілмектер: заң, жауапкершілік, адам Станислав Ежи Лец